Карантин кезінде дүркірете той жасамай, қуанышын тек ет-жақындарымен бөліскен отандық жұлдыздар жетерлік. Мәселен, екінші жартысын жолықтырып, тұрмыс құруға бекінген Мөлдір Әуелбекова үлкен тойсыз неке қиюмен ғана шектелді. Еске салсақ, өнер иесі бүгінге дейін отағасының жүзін жасырып келеді.
Пандемия өршімесе, актриса Дарья Александрова екінші рет ақ көйлек киер ма еді?! Алайда ол карантинде неке қию туралы куәлігін АХАЖ бөлімінің арнайы терезесінен алуға мәжбүр болды. Бүгінде Даша, күйеуіне сәби сыйлауға дайындалып жүр.
Ал джуи-джитсудан әлем чемпионы Мөлдір Мекенбаева некесін Доминикан Республикасында қиюды армандаған-ды. Тіпті тойға келетін қонақтарға ұшаққа билетін де алып қойған. Алайда бикеш карантин кесірінен Алматыға тек ет-жақындарын жинап, ашық аспан астында той жасады.
Режиссер Ақан Сатаев тұңғышы Мәриямды үй жағдайында, қазақы дәстүрмен ұзатты. Актрисаға әуелі сырға салынса, кейін жастар мешітке барып, ақ некесін қидырды. Ал карантин жеңілдетілген соң, Мәриям мен жары Есболат бал айын атап өтуге Түркияға аттанды.
Айтулы сәтті тек санаулы адаммен өткізсе де, Тимур Балымбетовтың да неке қиюы көптің есінде. Тележүргізуші маңызды күнде жанында болашақ жары Лаура мен куәгерлері ғана болғанын қалаған. Бұл күні қызжолдас пен күйеужолдас қызметін Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай атқарған еді.