Жарты жүректерді біріктіретін «Бір болайық» бағдарламасы жаңа маусымын бастап кетті! Келіп жатқан үміткерлердің де қарасы көп.
Анна Данченко, тележүргізуші:
– Төртінші маусымда 22 қатысушы бар. Ал енді тағы да бір ерекшелігі, біз биыл ғана енгізген болатынбыз. Мысалы, үміткер қатысушыға келетін болса және олардың таныстығы тоқтайтын болса, біз үміткерге тағы да бір мүмкіндік береміз. Яғни біздің жобамыздың қатысушысы болмайды. Бірақ инстаграмдағы өзіміздің парақшамызға, сол үміткер туралы барлық ақпаратты жүктейміз. Яғни біздің көрермендер сол үміткермен танысуға мүмкіндік алады.
Өткен маусымның 4 қатысушысы қайта бағын сынып, махаббатын іздеуге келген. Солардың бірі «Экспо» лақап атымен танымал – Ерсұлтан Урбаев.
Ерсі қылықтарымен ел есінде қалған ол: «Өзгердім. Сабама түстім. Бірақ ешкімді де басыма шығарып, басындырып қоймаймын», - дейді.
Ерсұлтан Урбаев, қатысушы:
– Иә, үшінші маусымда адамдар енді қиын болды да. Енді мен как бы никак өзімді защищать еттім ғой сол кезде. Қатты айттым. Бәрін тыңдағаннан кейін өзгерейін дедім.
Жобаның алғашқы шығарылымынан-ақ жұрт көзіне жас алғызған жаңа қатысушы – Маржан Тұрлыбаева болды. Өмірінің сегіз жылын жындыханада өткізген ару, «осы оқиға қарым-қатынас құруға кедергі келтіріп жүр», - деп ашынды.
Маржан Тұрлыбаева, қатысушы:
– Мен бір баламен ұзақ араластық екеуіміз. Ата-анасы қарсы болды соңында. Менің өміріме байланысты. Содан соң қарым-қатынасымыз үзілген болатын. Енді қазіргі таңда халық білсін, көрсін маған келетін бала жалпы мені толықтай біліп менің өмірімнен, қыр-сырынан жалпы. Бәрін білсе, соны түсініп келсе деген оймен осы жерге келген болатынмын.
«Бір болайық» бағдарламасын дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 15:30-да НТК арнасынан тамашалай алсыздар.