Айқын Төлепбергеннің жұбайы мен кенже қызы сырқаттанып қалды. Бұл жаңалықпен экс-Кешьюлік Жұлдыз Өмірғалидің өзі сторисінде бөлісті. Үш күннен бері дене қызуы көтерілген ана мен бала өздерін жайсыз сезініп жатқанға ұқсайды. Ауруы бәсеңдемеген Жұлдыз тіпті: «Сырқаттан қорқа бастадым», - дейді. Ендеше Айқынның арулары тез сауығып кетсін деп тілейміз.
Ал Алмас Кішкенбаев экс-жұбайының әр жазбасын бақылауға алған сыңайлы. Әнші бұрынғы келіншегінің «жылаңқы адамға қатысты» соңғы жазбасын өзіне қабылдағандай. Тіпті оған жауап беру-бермеу керектігін Кішкенбаев оқырмандарынан сұрап, ақылдасуда. Өнер иесі: «Бұл сөз маған қатысты айтылса, менің де жауабым бар», - деп отыр.
Төреғали Төреәлі алғаш рет тұңғышының жүзін көрсетті. Томирис Төреғалиқызы күні кеше 5 жасқа толды. Ұлы дала баласы кестетігерін төл мерекесімен құттықтап, жүрек тебірентер өлең жолдарын арнады. Ал, көзі қырағы фалловерлер, Томиристің жұлдызды әкесінен аумайтынын жазған.
Айта кетейік, Төреғалидің Томиристен бөлек, Тоғжан, Фатима есімді қыздары және Төренұр атты ұлы бар.