Карантин биылғы түлектер үшін де оңай соқпағаны анық. Шоу-бизнес өкілдері мектеп бітірушілге қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісуде. Ал Баян Мақсатқызы болса, кенжесіне мамандық таңдауда кеңес бермеймін деп отыр. Оған себеп- кезінде анасынан көрген қысымы.
«Мамандық таңдауға келгенде, қызыма ақылымды айтпаймын», - дейді Мақсатқызы. Кезінде анасының қысымымен ұстаздың оқуына түскен продюсер, кейіннен құжаттарын кинофакультетке ауыстырғанын айтады. Бүгінде Алагөзова, ет жақынының дәл осы қателігін қайталауға құлықсыз.
Баян Алагөзова, продюсер:
- Анам мені еркімнен тыс, еш қаламаған педагогикалық факультетке түсірді. Бұл мен үшін сабақ болды. Содан кейін қыздарымды қандай таңдау жасаса да қолдаймын деп шештім. Міндетім, оларды бағып-қағу, өздері қалаған оқуға түсіру.
Бұрымдыларына еркіндік бергені сонша, продюсердің кенжесі әр 2-3 жыл сайын мектебін ауыстырады екен. Тіпті Алагөзова ханым онысын қалыпты жағдай деп қабылдайды.
Баян Алагөзова, продюсер:
- Кенже қызым мектебін жиі ауыстырады. Бұл осымен 4-ші мектебі, не себепті екенін де білмеймін. Қызығып сұрамадым. Өзіне ұнайды. Қыздарыма үйт-бүйт демеймін, өздері таңдау жасай алатын дүниеге келгенде мүлдем араласпаймын. Айару университет таңдап қойды, Американың Лос-Анджелес қаласында. Шатаспасам, бизнесті басқару мамандығын таңдады.
Есесіне, Баянның әріптесі Асқар Ілиясов ет жақындарының қолдауына зәру болмағанын айтады. Тіпті, актерды ұлттық біріңғай тестілеуге әжесі арнайы дайындаған көрінеді.
Асқар Ильясов, актер:
– ҰБТ-ға 4 телефон алып келдім ғой. Әжем пиджакқа екі қалта жасап, бүйтіп жүріп, интернетке қосыла алмадым. Бірақ қасымда болған балалар көмектесті. Шпаргалка жоқ, ол шпаргарка жасау үшін уақыт керек. Жасап білу керексің оны.
«Ойымдағы балды жинай алмасам да, еш өкінбеймін. Себебі бұл өміріме әсер етпеді» деген актер, биылғы бітірушілерге өз кеңесін берді.
Асқар Ильясов, актер:
- ҰБТ тапсыра алмасаңдар да ол қорқынышты емес. Өмір деген ұзын, қаншама өте көп мүмкіндік бар өмірде. ҰБТ – ол соңғы бекет емес.
Айым Сейітметова да ҰБТ үшін біраз жүйкесін жұқартқан көрінеді. Десе де, актриса емтиханда 101 балл жинап, мемлекеттік грантты еншілеген.
Айым Сейітметова, актриса:
- Ент-да мен 101 алдым. 101 бал алдым, қатал, өте қатал болды. Менің отырған сыныбымда заглушка болды, төрт мұғалім жүрді. Сондықтан қатал болды. Басқа группада мысалы ондай қатты қатал болған жоқ.
Дәл осылай өткенін еске салған сылқым: «Әр түлек ҰБТ-ның нәтижесі ақылыңның көрсеткіші емес екенін ұмытпаса», - дейді.