160-тан астам тікелей эфир! Карантинде осыншама адаммен онлайн сұхбат жүргізген Динара Сатжан, ақшаның астында қалғанын жасырмады. Тіпті, ол елдегі ахуал қалтамды қақты дейтін әріптестерін сынап тастады. Оның ойынша, жұмыс істеймін дейтін адамға сәйкесінше іс те табылар.
Шамиль Аляутдинов, Анатолий Некрасов, Валерий Синельников! Бұл Динара Сәтжан тікелей эфир арқылы тілдескен танымалдардың бірі ғана. Тележүргізуші: «Карантинде күніне үш адаммен онлайн сұхбаттастым», - деп отыр. Желі арқылы жүздесудің саны басы-қасы 160-қа жетеді.
Қысқасы, әр сәтін тиімді пайдаланған Динара үшін карантин қалтасын жұқартқан емес, керісінше қалыңдатқан кезең болған.
Динара Сәтжан, тележүргізуші:
- Мен каратинде бизнесімді жалғастырдым, ештеме тоқтаған жоқ. Мен өзім де жұмыс істедім, күнде тікелей эфир, және бизнес онлайн киімдерімізді саттық, және онлайн курс личный брендтты да өткіздік, тайм мендежментті де өткіздік.
Тіпті, Динараның жеке киім бренді де өз жұмысын тоқтатпапты.
Динара Сәтжан, тележүргізуші:
- Менің компаниямның қызметкерлері олар жұмыста қалды. Жақсы айлық алды. Өйткені бәрі жұмыс істеді. Кім жұмыс істеймін десе ол ақшасын табады. Кім жоқ мен жата тұрайын карантин қашан тағы да блады деп кітап оқып жатайын деген адамдар да бар.
Сондықтан да, танымал тележүргізуші каратин қалтасын қаққанын айтып, қол қусырып отырған әріптестерін түсінбейді. «Жұмыс істеймін деген адамға, іс табылар», - деген ол онлайн ақша тауып отырған он төрт жастағы ұлын үлгі етуде.
Динара Сәтжан, тележүргізуші:
- Даниал ютубқа шығады, ойын ойндайды. Қарап отырған адамдар көрермендер оған ақша жібереді. 10.44 Мысалы, бір күнде 15 000 алады, бір күнде 10 мың алады. Мен түсінбеймін бірақ «new generation» - новое поколение.
Есесіне, Динараға жарық көруі тиіс кітабын карантин кесірінен қайта жазып шығуға тура келген. «Адамның ой-санасын өзгерткен бүкіл әлемдік бұл ахуалдан соң, туындымның мазмұнын да жаңарту тиіс болды», - деп отыр.
Динара Сәтжан, тележүргізуші:
- Қазіргі уақытта уақыт тез өзгереді. Бәрі дамып жатыр. Сондықтан да менің кітабым да өзгеріп жаты. Сол үшін кітабымды басқаша жазып жатырмын.
«Қысқасы, көп ұзамай кітабымды күтіңіздер», -дейді танымал тележүргізуші.