Қанша жылғы үнсіздіктен кейін Анджелина Джоли, Бред Питтпен неге айырылысқанын айтып берді. Актриса Батыстық БАҚ-қа берген сұқбатында: «Бұл балаларымның игілі мен болашағы үшін қабылданған шешім», - деген. Бүгінде экс-күйеуімен қарым қатынасы жақсы Энджи, есі кірген үлкендерін Питтың үйіне жіберіп тұратын болған. Бір кездері Джоли ұл-қыздарының актермен араласуына тыйым салған еді.
Желіде Джиджи, Анвар және Белла Хадидтың мектеп кезіндегі суреттері тарап кетті. Мохамед пен Иоланда Хадидтың үш баласы фотода жымиып, еш қамсыз-алаңсыз тұр. Ішіндегі Джиджи ғана кәсіби фотомодельдерше езу тартып суретке түскен. Өйткені сылқым сол кездің өзінде «Malibu High School» сән орталығында оқып жүрген екен. Бұны көрген желі қолданушылары «болар бала жасынан» деп жарыса жазуда.
Анастасия Решетова инстаграмдағы оқырмандарымен әңгіме-дүкен құрып, көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Елді сәнбикенің Тиматимен қарым қатынасы көбірек алаңдатады екен. «Егер күйеуім көзіме шөп салса не істеймін?» деген арудың сұрағына Решетова «сіз де қарап қалмаңыз» деп қағытып жауап қайтарған. «Ал егер сізге опасыздық жасаса ше?», - дегенге Настя: «Мен өзімді ондай жағдайға қойып көргім келмейд. Қоймаймын да», - деп қысқа қайырған.