Кино саласының үздіктерін анықтайтын әйгілі «Оскар» марапаты кейінге шегерілді! Келер жылдың 28-ші ақпанында өтуі тиіс аталмыш шара коронавирустың кесірінен сәуірдің 25-не ауыстырылды.
Осымен 93-ші рет ұйымдастырғалы отырған «Оскардың» шарттары да өзгере түспек. Бұдан-былай кино индустриядағы ең ауқымды сайыста «Netflix» сынды интернет плафтормаларда жарық көрген картиналар да бақ сынай алады. Тіпті үлкен экрандарға жарық көре алмай қалған ленталар да жүлдеге үміткер атана алады.
Мәртебелі марапатта 2020-шы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, 2021-дің 28-ші ақпанына дейін ұсынылған туындылар сайысқа түседі. Америка киноакадемиясы келер жылы да «Оскарды» жүргізушісіз өткізбек. Еске салсақ, кинокеш бірнеше жыл қатарынан дәл осындай форматта ұйымдастырылып келеді.
Ал «Оскар» жоспар бойынша марапатқа үміткер есімін 2021-ші жылдың 15-ші наурызында жариялмақ.