Нұрлан Қоянбаевтың «Қазақша бизнес Түркияда» картинасы үшін өткен инста-батл өз мәресіне жетті. Актер Қайрат Әділгерей мен Жахан Отарғалиевтердің арасындағы бәсеке көптің есінде қалары хақ. Кезінде «Танымалдар Қайратты таңдауда» деп ренжіген Жахан, көрермен дауысымен әріптесін басып озды. Енді Отарғалиев «Бизнес по-казахскидің» су жаңа бөлімінде басты рөлді сомдамақ!
Актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова карантинға қарамастан, 31 жасын атап өтті. Тек ет-жақындарымен бас қосқан бикештің кешінде Қайрат Нұртас, Айқын Төлепберген, Ләйлә Сұлтанқызы мен Айгүл Мүкейдің өзі төбе көрсетті. Аргоняның әніне шаттана билеген Анарбекова, кеш қонақтарымен Раймның «Двигаться» әніне Тик-Ток түсірді.
Ал Баян Алагөзованың келіні Жарқынай Ханайым алғаш рет ана атанбақ. Аша Матайдың жеңгесі әлеуметтік желіге мынадай суретін жүктеп, көптен жасырған құпиясымен бөлісті. Біраздан бері ортақ фото жүктемей, керісінше бірге түскен суреттерін өшіріп тастаған жұлдызды жұп көпті сары уайымға салған еді. Бүгінде Жарқынай жүктілігінің 4 айынан асқан көрінеді. Ендеше әншіге аман-есен босануын тілейміз!