«Голос Украина» шоуы арқылы ТМД таңғалдырған Ерлан Байбазаров жеке орындаушы ретінде танылмақ! Муызкант жаңа әндер жазып, тіпті жеке кешін өткізбек ниетте. Десе де, өнер иесіне қызығушылық танытып жатқан продюсерлер әзірге жоқ көрінеді. Неліктен?
Ерлан Байбазаров «Голос Украина» шоуының оныншы маусымына қатысып, суперфиналист атанған еді. Аталмыш жоба арқасында музыканттың танымалдылығы артты десек артық айтпаспыз.
Ерлан Байбазаров, музыкант:
- Жалпы «Голос Украина» маған бергені ол мен өз бағытымды түсіндім. Сол себептен әндер де сол бағытта болады. «Голос Украинаға» дейінгі Ерлан Байбазаров ол басқа адам. Музыкалық тұрғыдан алсақ.
«Голос Украины» шоуында ерек стильімен есте қалған Ерланға көпшіліктің сұранысы артқанымен, продюсерлер тарапынан ұсыныстар жоқтың қасы. Музыкант осы уақытқа дейін тек шетелдік лейблдан шақырту алыпты.
Ерлан Байбазаров, музыкант:
- Бір ұсыныс болды ол Ресей лейблі. Ол енді әлі қалай айтсам болады ойлану барысында. Сол ғана ұсыныс басқа ұсыныстар түскен жоқ. Мен продюсер қазір іздеп жүрген жоқпын. Өйткені өзім істеген дұрыс деп ойлаймын.
Осылайша, жалғыз жүріп жол табуға бекінген Ерлан енді шығармашылығына шыңдап кіріспек. ТМД-ны тамсандырған Байбазаровтың музыкалық бағыты ерекше болмақ.
Ерлан Байбазаров, музыкант:
- Мысалыға этно акустик дейді мысалыға. Енді менікі ескі нәрсені жаңарту. Бірақ жаңағы жаңалықтан қалмау музыка әлемінде.
Одан бөлек Ерлан жақында жеке ән кешін өткізбек. Ал оның «Away from home» яғни «Алыс үйден» атауына ие болған тырнақалды туындысы 19-шы тыңдарманға жол тартпақ. Трек қазақ және ағылшын тілдерінде жарық көреді.
- Жалпы идея бұрыннан бар ғой. Жаңағы «Голос» жобасының бірінші кезеңі шыққаннан кейін осы бір бағытта бір концерт беру деген. Сол себептен енді қазір сол үшінші шілдеге қойдық уақытын.