«Бүгіннен бастап, кімде-кім мейлі ТВ, мейлі әлеуметтік желі арқылы болсын, маған ауыр сөз айтып, жала жауып, намысыма тиетін болса, сотқа берем.» Бұл ашулы Ақбота Керімбековның күні кеше жасаған мәлімдемесі. Әнші бұдан-былай өзіне тіл тигізгендерді аямайтынын жеткізді.
«Бірақ енді бәрі басқаша болады»,- деген Ақбота Керімбекова өзіне тіл тигізген жандардың мәселесін майшаммен қарауға ниетті. Тіпті ол үшін өнер иесі сотқа дейін баруға да дайын. Даудың басы өнер иесінің әлеуметтік желідегі ұтысынан басталды. Содан кейін Керімбекованы айыптап, жағымсыз жазба қалдыратындардың пікірі көбейген.
Ақбота сынды, БАҚ өкілдеріне, оның ішінде журналист Бибігүл Дәулетбекқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шараповты «шамына тиді» деп сот алдына апарған Ләйләның дауы әлі де ел аузында. Еске салсақ, Сұлтанқызы мен Шараповтың сот отырысы әзілкештің пайдасына шешілген болатын.
Нұрболхан Шарапов, әзілкеш:
- Кездескенде де бір қызықты жағдайда, самолетте кездесіп қалдық. Бизнес-класста жақын жерде отырып қалдық бір кездері. Вот сол кезде просто амандастық, ол кісі амандасқан жоқ менімен.
Ал, Дәулетбекқызымен дау ары қарай өз хейтерлерімен жалғасып кетті.
Хейтерлерді орнына қою үшін сотқа жүгінуді жөн санайтындардың бірі - Дильназ Ахмадиева. Әншінің ұлтына тиіскен оқырман үстінен қылмыстық іс қозғалған-ды. Кейіннен желі бұзақысы кешірім сұрап, өз қылығына өкінетінін мойындады.
Құқығын жерге таптатпайтындар қатарында Баян Алагөзова да бар. Оқырмандарының есіргенін құп көрмейтін азулы продюсер, тіпті танымалдардың басын жиып, хейтерлерге тойтарыс беруге дайын екендігін мәлімдеген еді. Алайда «қажет болса бірнеше адвокат жалдаймын», - деген Мақсатқызы әлі сот көмегіне жүгіне қоймады.