Әли Оқапов карантин біте сала қалыңдық іздеуге кіріспек! Роза Қуанышқызының тұңғышы өмірлік жарына қояр талаптарын да дайындап қойған көрінеді. Келер жылы 30 жасқа толатын әнші жігіттің арманындағы ару қандай? Сері не себепті осы уақытқа дейін шаңырақ көтермей жүр?
«Қашан үйленесің?» деген сұрақ Әли Оқаповқа соңғы кездері жиі қойылады. 29 жасқа келген әнші: «Отау құрғанымды өзімнен бұрын, көпшілік асыға күтіп жүр», - дейді. Алайда, өнерпаз өміріндегі маңызды қадамға әлі де дайын еместігін ашып айтты.
Әли Оқапов, әнші:
- Жиі қойлатын сұрақ, бірақ шынымен де өзім білмегендіктен, өзім нақты бекітпегендіктен, мен ештеңені жасырып жатқан жоқпын. Шынымен де ондай жоспар әзірге бекітілмегендіктен соң, ресми түрде бөлісе алмаймын.
Әлидың айтуынша, ақ келінді анасы Роза Қуанышқызы тағатсыздана тосуда. Алайда, өнерпаз өзгенің қалауымен үйленуді қателік деп санайды.
Әли Оқапов, әнші:
- Уақытында әкелу деген ол дұрыс емес. Өйткені қазір бүгін ғана оқыдым статистика бойынша ажырасулар 40 пайыз, оның ешбір пайдасын көріп жатқан жоқпын мысалыға. Асығыс аяқ астынан немесе біреу үшін үйлене салып, содан кейін үй бола алмасаң, еш қажеті жоқ сияқты.
Одан бөлек, Қуанышқызының тұңғышы өзінің өмірлік жары болатын адамды ұзақ іздеп жүр. Оқаповтың пікірінше, өнер адамымен өмір сүру оңай емес.
Әли Оқапов, әнші:
- Әртіспен, музыкантпен қарым-қатынаста болу жанұя құру шығармашылықтың өнердің адамымен бірге болу дегеніміз ол оңай емес нәрсе көптеген нәрселерді түсіне білу керек. Өйткені көпшілік жәй ғана ойлайды, бәрін түсінемін, бәріне көнемін, қолдаймын, тірек боламын деп. Бірақ, өзі кездескеннен кейін шыдамай кеткендер де болды.
Ал Әли арманындағы ару қандай болуы керек деген сұраққа былай жауап берді:
Әли Оқапов, әнші:
- Ондай бір ерекше талаптар жоқ менде, ең бастысы ақылды болса, мәдениетті болса, тәрбиелі болса, одан артық ештеңе керек емес сияқты. Адам болу керек қой ең бастысы.