«Қазақстан аруы» сынды, Балжан Бидаш пен Жарқынай Ханайым да той қамына кіріспек! Шоу-бизнестің сылқымдары қалың мал төлемсе де қалыңдық атануға дайынбыз деп отыр! Есесіне, Айқынның бұл дәстүр үшін қалтасы біраз жұқарған. Өнер иесі екі әйелін де салтқа сай, қомақты қаржыға сатып алғанын айтады.
Айқын Төлепберген ата-дәстүрден аттамайтындардың қатарынан екен. Әнші екі рет үйленгенде де, жұбайларына қалың мал төлеп, салтқа сай жар етіп алған. Кезінде ырым үшін біраз қаржыдан қағылған ол, енді «қалың малдың» қажеті жоқ деп отыр.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Ақшалай бердік. Ақшалай бердік, бірінші рет па, екінші рет па десең ия. Жігіттің жағдайына қарау керек қой. Жігіттің жаңдайы болмай тұрса, ол зачем миллионға кредитқа алғызып, оны ертең бәрібір, әйелі екеуі төлейді ғой. Қажеті жоқ деп ойлаймын.
«Патруль» телехикаясының жұлдызы Мейірхан Шерниязов та Айқынмен толықтай келіседі. 11 жыл бұрын шаңырақ көтерген актер, қайын-жұртына қомақты қаржы бергенін айтады.
Мейірхан Шерниязов, актер:
- Бердік қой қалың мал по-любому, мың доллар или 5 мың доллар. Қанша білмеймін, бірақ болды ғой, 2009 да болды. Менің ойымша дұрыс емес ол, қалың мал сұрау дұрыс емес, жоқ беру керек қой енді әрине. Көп сұрау жаңағы біреуге қиындық түсіру менің ойымша дұрыс емес.
Шоу-бизнестің сылқымдары да қалыңмал қатып қалған қағида емес дейді!
Мәселен, таяуда қалыңдық атанған Жарқынай Ханайым бұл мәселені ата-анасына тапсырған. Тіпті әнші тегін болса да қалыңдық атануға дайын көрінеді.
Жарқынай Ханайым, әнші, актриса:
- Мен өзім мамамның ұстанымы, «теңін тапса тегін бер» дейді. Сол үшін сол туралы сөйлескенде жоқпыз, ол маңызды емес енді. Сол құдай қаласа әйтеуір бақ берсін береке берсін.
Жарқынайдың қайын сіңілі Аша Матай болса, қалыңмалы қанша болғанын есіне түсіре алмай дал.
Аша Матай, актриса:
- Берілді берілді, бағасын білмеймін, ал соммасын білмеймін. Мен ол жаққа кіріспеймін негізі, ол екі ата-ана жақтан екі жақ шешетін мәселе деп ойлаймын.
Балжан Бидаш та жуырда ақ келін атанбақ! Той қамына кіріскен экс-Кешьюлік ару күйеуімнің жұртынан лайықты қалың малды талап етемін деп отыр.
Балжан Бидаш, әнші:
- Қолдаймын ия. Енді ол қалың мал сатылған есебіне емес қой. Ол қыздың ежелден келе жатқан, ата салтымыздың дәстүрі. Сондықтан оған қарсы болмаймын.