15 маусымнан бастап Қазақстанда барлық кинотеатр өз есігін айқара ашпақ. Карантин кесірінен прокаттары тоқтап қалған бірқатар фильм қайтадан көрермен назарына ұсынылады. Ал Айқын болса, «тырнақалды туындым касса жинай алмай қалады» деп қорқып жүр. Өнер иесінің бұл үрейіне не себеп?
Баян Алагөзованың «Я пышка» фильміне артқан үміті зор еді. Продюсер бар жанын салып таспалаған картина «қалтамды қампайтады», - деп жүрді. Бірақ кенет басталған кесапат Алагөзованың жоспарын күл-талқан еткендей. Енді фильм, кинотеатрлар ашылған соң, 15-ші маусымнан бастап қайтадан ел назарына ұсынылмақ. Басты рөлдің бірін сомдаған Тәуекел Мүсілім әлі де туындының табысты боларына сенімді.
Тәуекел Мүсілім, актер:
– 15 маусым Қазақстанның барлық кинотеатрларында "я пышка" фильмі прокатқа шығады! Өте қызық! Қапы қалмаңыздар! Көрермені көп, кассасы жоғары кинолардың бірі болады деген сенімдемін. Келіңіздер, көріңіздер!
Ал Жеңісхан Момышевтің «Базар жоқ, Мексикасы» тұсауы кесілместен қалып қойған еді. Енді комедия араға 3 ай салып жарыққа шықпақ. Режиссердің өзі аталмыш лентаның сапалы таспаланғанына сенімді.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
– «Базар жоқ, Мексика» екінші апрельде шығуы керек болатын. Карантинге байланысты 15 июньге қойылып жатыр. Алла бұйыртса 15 июнь еш нәрсе өзгермесе «Базар жоқ, Мексиканы» көресіздер.
Өзге әріптестеріне еліктеп, кино таспалаған Айқын Төлепберген шығынға батқанын жасырмайды. Карантин – әнші түсірген картинаның шығарылымын шегерумен келді. Енді «Где мое кольцоның» тұсаукесері 6 тамызға жоспарланып отыр. Бірақ әнші кассаның толыққанды, бірден жиналатынына күмәнмен қарайды.
Айқын Төлепберген, әнші:
– Кинотеатрларда Еуропадағыдай через одно отыру деген сондай сияқты бірнәрсе болады деп естідім. Себебі кейбір кинолардың премьерасы июньге қойылған. Июнь, июль, август – үш ай толықтай Қазақстандық кинолардың премьерасы болды.
Бірақ Төлепберген-тегі фильмінің ұзақ уақыт прокатта болатынына қуанышты. Өйткені ол «тек осылайша ғана өзін ақтауы мүмкін», - деген пікірде.
Айқын Төлепберген, әнші:
– Көрермен саны аз болады. Бірақ киноның көрсетілім уақыты ұзақ болады. Мысалы бұрын екі жеті, үш жеті ғана көрсетілетін болса, қазіргі Қазақстандық кинолар ұзақ уақыт көрсетілетін болады.
Жоғарыда аттары аталған ленталардан бөлек: «Семейные страсти», «Гуд бай мой бай», «Жаным ты не поверишь» картиналары да прокатта.