Элизат Берікова екінші мәрте ана атанды! Тағы да ұлды болған Баян Алагөзованың экс-шәкірті бүгін перзентханадан шықты.
Бірақ, бірнеше апта бұрын босанған әнші, сәбиімен реанимацияға бөлімінде түсіп қалған болатын. Ауруханада ұзақ уақыт тұрақтаған Элизат пен шақалақтың бүгінде денсаулығы қалай?
Таяуда ғана тұңғышы 1 жасқа толған Элизат Берікова, енді екінші сәбиін құшағына басты. Перзентханадан шыққан «Kesh You» тобының экс-әншісін күйеуі мен ет жақындары күтіп алды. Алайда сылқым әлі күнге дейін екінші рет нәрестелі болғанын сезіне алмай жүргенін айтады.
Элизат Берікова, «Kesh You» тобының экс-әншісі:
- Сезім деген керемет. Енді бірақ әлі кішкене толық, екі баланың анасы болғанды сондай ощущенияны түсінбей тұрмын. Оны түсіну үшін, үйге бару керек деп ойлаймын. Екі баланы құшақтап, екі балаған тамақ істеп үй жинаған кезде, сол кезде көретін сияқтымын екі баланың анасы қандай болатынын.
Элизат: «екінші жүктілігім қиынға соқты», - деп отыр. Әнші ұлын отаның көмегімен босанған. Оған қоса, ана мен бала 11 күн бойы ауруханада жатқан.
Элизат Берікова, «Kesh You» тобының экс-әншісі:
- Денсаулық жағы кішкене қиындау болып қалды. Өйткені екеуі де, менде операция арқылы болды, сондықтан, екінші операция біріншідей емес екен, біріншіде білмегендіктен кішкене сондай бәрі аяқ астынан болып қалғандықтан, сезбей қалдым. Бірақ екіншісінде кішкене қиналып қалдым, 3-4 де әрең есіме келіп.
Ал, жаңа туған нәрестенің салмағы - 2,900 келі, бойы - 50 см. Кішкентай бөбектің есімі - Рамазан. Берікованың айтуынша, тұңғышының есімін атасы таңдаса, кенжесінің атын күйеуі қойған.
Элизат Берікова, «Kesh You» тобының экс-әншісі:
- Атын папасы қойды, бірінші ұлымыздың Батырханның атын Рамазан деп қояйын дегенбіз, атамыз қоямыз деді. Атамызға сондай аян беріліп, түске Батырхан деп қойсын деп. Сомен атамыз Батырхан деп қойды. Күйеуім везучий екен, екіншісі де ұл болды. Атын Рамазан деп қойдық.
Қуанышты күнде Элизаттың өнердегі әріптестері жанынан табылмады. Әнші «BM Production»-нан кеткелі бері, «Кешью» тобындағы қыздармен тығыз қарым-қатынаста емеспін дейді. Тіпті, Берікова экс-продюсері Баян Алагөзовамен араласпаймын деп отыр.
Элизат Берікова, «Kesh You» тобының экс-әншісі:
- Ол кісімен баяғыда жұмыс тоқталған болатын сондықтан қазір араласпаймыз. Құттықтап жатыр, ия қыздар баяғы өзіміздің группадағы қыздар. Әрине ол қыздармен өзіміздің қарым-қатынасымыз өте жақсы.
Тұрмыс құрғалы бірінші декреттен екіншісіне кеткен Элизат, соған қарамастан шығармашылығын ұмыт қалдырмақ емес. Берікова сәтін салса болашақта жеке әнші ретінде танылмақ.