Танымал арулар сыр-сымбаты мен бет әлпетінің мінсіз болуы үшін бәріне дайын. Бірі – қатаң диета мен спортқа көшсе, енді бірі – косметологтың шеберлігіне сенім артады. Мәселен, экс- Джейрандық Алтынай Жолдыбаеваның танымал болғанға дейінгі суреті көпшілікті таңдандырмай қоймады.
Иә, бұл кіші Жолдыбаеваның танылғаннан кейінгі кезі. Алайда Алтынайдың дене-бітімі де, бет әлпеті де әрдайым мұндай болмаған.
Томпақ жүзді, қара қыздың уақыт өте еріндері үлкейіп, мүсіні мінсізденіп, аяқтарына татуировка салынарын кім білген?!
Ал Ерке Есмаханның бұл суреті кезінде қазнетті біраз шулатқан болатын. Бұйра шашты, пұшық мұрын бұл ару – бүгінде талай жігіттің арманы. Әншінің өзі болса, пластикалық отаға жүгінбегенін айтып шаршамақ емес.
Жұлдыз Өмірғалидің де мүсінінен біраз өзгеріс байқауға болады. Бикеш екі баланың анасы атанған соң ажарлана түскені жасырын емес.
Жұлдыз Өмірғали, әнші:
- Бөксеңізді жақсылап тұрып шығарып алыпсыз... Айтпаңыз. Тамақты азайтуға тырысып жүрмін. Өзімнің пародам солай десе де болады. Менің анамның денесі де осындай.
Жұлдыздың құрбысы Ақбота болса, керісінше ана атанғалы тым жүдеп кеткен. Тіпті, кезінде «Кешьюдегі» томпақ қызды жанкүйерлері анорексияға шалдыққан деп топшылауда.
Ақбота Сейітмағамбет, әнші:
- Қазір енді денсаулығым жақсы емес, бірақ соған қарамастан міндетті түрде аптасына спортпен. Күнделікті осылай арасында дайындаламын.