«Бақыт – тыныштықты сүйеді!». Отандық жұлдыздар дәл осы сөздерді ұранына айналдырғандай. Мәселен, Ерке Есмахан, Say Mo бастаған сылқымдар ғашығының кім екенін жасырып әлек. Ал, қалың көпшілік Мөлдір Әуелбековаға көңіл білдіріп жүрген сері оның экс -күйеуі деп топшылауда. Сонымен, сылқымдардың сүйіктілері кім?
Желіге жүктелген құшақ-құшақ гүлдерді кім сыйлағанын әнші Ерке Есмахан жарияға жар салғысы келмейді. Қиялындағы Криштиано Роналдудың бұл өмірде қандай сері екені дүйім жұртқа қызық.
Ерке секілді Мөлдір Әуелбекова да жомарт жігітінің сыйлығын көрсетуге құмар. Мына суретке қарасақ, таяуда ғана өзінен мүмкіндік сұраған құпия жанмен әнші тез арада көңіл қосып үлгерген сыңайлы. Алайда көпшілік көліктегі жұмбақ серіні Мөлдірдің экс-жары деп топшылауда.
Ал Say Mo мен Шәріп Серікті жұртшылық баяғыда қосып қойған. Жиындарда жиі бірге төбе көрсететін ғашықтар биылғы қысқы демалысын Мысырда өткізген еді. Әрине, көпке білдірмеуге тырысқан. Алайда көзі қырағы көрерменнен ештеңе жасыру мүмкін емес.
Актер Жахан Отарғалиевтен сүйіктісінің кім екенін жанкүйерлері ғана емес, анасы да сұрап шаршаған.
Жахан Отарғалиев, актер:
- Соңғы кезде сөйлесіп жүрген адамдарымның бәрі сол өзімнің айналамдағы, актриса, тележүргізуші деген сияқты. Актриса болғанда өзім сияқты андай 1-2 кинода, 1-2 жерінде түскен.
Алайда актер өмірлік таңдауын жасаған сыңайлы. Күні кеше Отарғалиев «Бақытсыздар бағы» телехикаясы арқылы танылған актриса Әйгерім Қалмұратовамен тікелей эфир жүргізіп, араларында сезім пайда болғанын әзіл-шыны аралас мойындады. Ал Жаханның мына жазбасына жас актриса интригаға толы смайл қалдырған.