Жасанды кірпік, мэйк-ап пен маникюр! Карантинге байланысты сұлулық салондары жабылғалы, шоу-бизнес өкілдері сэлфиге түсуді сиреткен. Тіпті, табиғи түрін көрсеткен жұлдыздарды жанкүйерлері танымай жатқан көрінеді.
Иә, селфиді жақсы көретін Баян Мақсатқызының өзі карантинде сторизді азайтқан. Қара көзілдірік пен бас киім Алагөзованың сенімді серігіне айналғандай.
Азулы продюсердің шәкірті, экс-Кешьюлік Элизат Берікова болса, бояусыз фотосымен жанкүйерлерін аздап шошытып алды. Әншінің жасанды кірпігіне көзі үйренген оқырман мұндай өзгеріске дайын болмаған сыңайлы.
Мейк-апсыз Мақпал Исабекованы да өнердегі әріптестері танымай жатыр! Бір жарым айдан бері ешқайда шықпаған әнші бет әрлеуді ұмыта бастағанын жазған. Ал Макосяның өзіне визаж жасаған видеосын көрген әнші Алтынбек Тәшімбетов әріптесін танымай, таңқалған.
Маржан Арапбаева да әдетте жасанды кірпік пен бояусыз суретке түспейтіндер қатарында. Сондықтан да өнер иесі инстаграмдағы арнайы эффекті мен маскаларды қолданып, тікелей эфирге шығып жүр. Әншінің өзі: «бояусыз түрім елді шошытады»,- деп жиі қалжыңдайды.
Say Mo-ның образын мейк-апсыз елестету мүлде қиын. Алайда карантинның арақасында Мөлдір де жанкүйеріне бояусыз жүзін көрсетті.