Тұңғышына аяғы ауыр Кэти Перри, босануға қатты қорқып жүргенін айтып Батыстық БАҚ-қа сұқбат берген. Айы-күні жақындаған сайын үрейі ұлғайған әншінің алаңдауына негіз бар сияқты. Себебі АҚШ-та пандемия өршіп тұр. Сондықтан да Кэти перзентханаға баруға жүрексінетінін жасырмайды. Естеріңізге сала кетейік, Перри жаз мезгілінің алғашқы айында ана атанбақ.
Тимати мен Алекса қайтадан бірге! Григорий Лепс пен рэпер таспалаған «С чистого листа» бейнебаянында олар ғашықтарды сомдаған. «Біз қайтадан қосылмадық. Тек сценарий бойынша біргеміз», - деген жазбамен клиптен үзінді жариялаған сылқым көптің үмітін су сепкендей басып тастады. Ел «Фабрика звезд» жобасының ең тәтті жұбын әлі ұмытпаған. Мұны толассыз жазылып жатқан жақсы пікірлерден байқауға болады.
Джиган кіші қызы Мая мен Оксананы туған күндерімен құттықтап, желіде жүрекжарды жазба жариялады. Бір айдан бері хабар-ошарсыз кеткен рэпер жары мен отбасын сағынғанын және оларды қатты жақсы көретінін де айтқан. «Тайны» атты трегін жанұясына арнаған оған, жақсы пікірден көрі негатив көптеп жазылуда. Бірі «бұл ажырасып жатқандарын әлі естімеген де сияқты ғой» десе, енді бірі «кеш қалдың, Джиган» деп кесір сөздерін аямауда. Бірақ Денис ештеңеге қарамастан қызы мен әйелінің меншікті мерекесіне келген.