Надежда Бабкина үш аптадан бері Мәскеудегі жеке клиникалардың бірінде кардиореанимацияда ем қабылдап жатыр. Тележүргізуші коронавирус тудырған, екі жақты пневмонияға шалдыққан. Алғашқы аптада комада жатқан Надежданы жасанды демалдыру түтігіне қосқан еді. Кейін жағдайы сәл ретке келген соң, арнайы палатаға ауыстырыпты. Әзірге Бабкинаның хәлі орташа ауыр деп бағаланып отыр. Дәрігерлер «егер үйде өздігінен емделмей, бірден бізге келгенде, бәрі әлдеқайда басқаша болар еді», - деп отыр.
Мадонна – карантинде көңіл көтерудің жаңа жолын тапқандай! 61 жастағы әнші өзінің асүйінде сүйіктісі Ахмалик Уильямс пен балаларының басын біріктіріп, қызықты кеш өткізген. Поп жұлдыздың жанкүйерлері олар үшін шын қуанышты екендерін жарыса жазуда. Бірақ: «Төтенше жағдай режимін бұздыңдар. Көп адамның қарасын біріктіріп, заңға қайшы келдіңдер», - деп наразылық білдірген оқырмандар да жоқ емес.
Коул Спроус өзі жайлы жиі айтылатын қауесеттерге ақыры нүкте қойды. Кая Гербермен жұптастыра беретін жанкүйерлеріне ашу-ызасы мен өкпесін төккен Коул: «Мені жақсы көрсеңіздер, бұндай сорақы өсек таратпас едіңіздер. Менің сүйіктімнің бар екенін және оның Лили Рейнхарт екенін сіздер жақсы білесіздер ғой. Осымен бұл әңгімеге нүкте қояйық!», - деді ол. Лили мен Спроус 2017 жылдан бері жұптасып келеді.