Ал блогер Настя Ивлеева инстаграмда рэпер Тиматимен тікелей эфирге шығып, қаралымы жағынан әлемдік рекорд орнатты! Екеуі тіпті, оқырмандарының алдында шешініп, қымбат телефонды шаққан. Ресейлік жұлдыздар сынды, отандық әртістер де фолловерлін көбейту үшін барын салып жатқаны рас па?
Тікелей эфирдегі батл! Танымал блогер Настя Ивлеева мен әнші Тиматидің инстаграмдағы сұхбаты онлайн айқасқа айналғандай. Олар 1 сағат көлемінде бір-біріне түрлі тапсырма беріп, өзара бәстесті.
Тимати мен Настя миллиондаған адам алдында еш қаймықпады! Танымалдар тікелей эфирде ашты тағам жеп, денелеріне сурет салған. Тіпті, фалловерлер Тиматидің мұрнын тескен сәтін тамашаласа, Настяның көкірегі көптің назарында болды.
Ресейлік танымал жұлдыздардың дәл осы эфирі 1,5 млн қаралым жинап, әлемдік рекорд орнатты. Осылайша Тимати мен Настя, қаралымы жағынан бұған дейін эфирде онлайн рэп батл өткізген қос музыкант: Тедди Райли мен Babyface-ті басып озды.
Отандық әншілер де карантин кезінде, өз жанкүйерлерінен айрылып қалмас үшін барын салып жатыр. Мәселен, Айқын Төлепбергеннің жары Жұлдыз Өмірғали тікелей эфирде екінші әйел болу қаншалықты қиын екенін айтып ағынан жарылды. Әдетте жеке өмірі туралы тіс жармайтын әнші, осылайша желідегі аудиториясын қызықтыра түсуді көздегендей.
Жұлдыз Өмірғали, әнші:
- Мен болсын, басқа адам болсын көп әңгіме болады. Ол әңгіме ешқашан бітпейді. Сондықтан, онша емес. Мен өзімді ең бақытты адаммын деп ойламаймын. Олай ойлаудың өзі де дұрыс емес. Бәрібір бәрі мінсіз болмайды.
Карантин кезінде әлемдік тележобалар да көрерменнің көңілін табу үшін тікелей байланысқа жүгініп жатыр. Әйгілі тележүргізушілер Джимми Киммэл, Джимми Фэллондар танымал тұлғалармен онлайн сұхбатты бастап кеткен. Бүгінде «РЕВЮ» бағдарламасы да әр сенбі сайын өнер өкілдерімен онлайн форматта жұмыс істейді! Ендеше, қапы қалмаңыз!