Декреттегі жұлдызды аналар карантинді қалай өткізуде?

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантиннің пайдасын – ең әуелі декреттегі аналар көріп жатыр десем артық айтпаспын. Мәселен, тұңғышын өмірге әкелген Дильназ Ахмадиева жарынан ерекше қолдау тауып отырғанын айтады. Азильхан бала бағып, үй шаруасына да көмектеседі екен.

Дильназ Ахмадиеваның ұлы Зейдан әлі қырқынан шықпады. Әнші каратинимен қатар келген декреттік демалысын жақсы өткізіп жатқанға ұқсайды. Алайда 39-да тұңғышын дүниеге әкелген ол, бала күтімімен түн ұйқысы төрт бөлініп, қиналып жүргенін айтады.

Дильназ Ахмадиева, әнші:

-Мен үшін ұйқымның дұрыс болғаны маңызды. Егер ұйқым қанбаса, ештеңе істей алмаймын. Күндіз балаға өзім қараймын, ал түнде жолдасым қарайласады.

Ахмадиева ханым әуелі бала күтуші жалдағысы келген. Алайда бұл істі карантин кезінде Дильназдың жары өз мойнына алған.

Карантин Жазира Байырбековаға да оң әсерін тигізіп жатыр. Гастрольдік сапарлардан қолы босамайтын жұлдызды ана бар уақытын Дара қызымен өткізіп жүр. Жанболаттың қос сұлуының мына бір видеосы көпшілікті сүйсіндірмей қоймады.

Жазира Байырбекова, әнші:

– Қызымыз пайда болғалы баланың тәттілігін сезіп жатырмыз. Әрбір күнде бір қылығы шығады. Соған мәз болып, үйіміз жап-жарық болып...

Қоңырбаевтар әулетіне екінші рет кестетігер сыйлаған Аша Матай да декреттік демалыста. Көз тиеді деп, ырымға сенген жас ана әзірге сәбиінің қылықтарымен бөлісуге асықпайды.

Аша Матай, әнші:

-Бақыттымын, одан басқа ештеңе айта алмаймын. Біз бақыттымыз. Барша қазақстандықтарға көп рақмет, жылы лебіздерін білдірді...