Шоу-бизнес өкілдерінің балалары жаппай бизнесмен атануда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық жұлдыздардың балалары бір-бір бизнес ашып, ата-аналары сынды табысты болуға құлықты! Мәселен, Жанар Айжанованың жалғызы жеке киім брендін ашса, Баян Алагөзованың тұңғышы бьюти индустрияда қыруар қаржы тауып жатқан көрінеді. Толығырақ келесі сюжетте.

Айсәуле Бақытбек бүгінде бизнесвумен! Баян Алагөзованың тұңғышы сән салонын ашқан еді. Жеке кәсібімді анамның көмегінсіз, өз күшіммен бастадым дейді ол.

Айсәуле Бақытбек, блогер:

-Шынымды айтсам бүгінде екінің бірінде өзінің сән салоны бар. Алғашында мен бұл істі оңай деп ойлаған едім. Алайда бизнестің өз қиындықтары болады екен. Бірақ желідегі аудиторимяның арқасында жолым болды.

Осылайша, Айсәуленің бизнесте жетістікке жетуіне танымалдылығы себеп болған. Жеке кәсіпкер ретінде біраз дүние үйрендім деген бикеш, бүгінде алып шаһардағы бірнеше сұлулық салонының иесі.

Айсәуле Бақытбек, блогер:

-Біз өз бизнесіміздің шығынын 5 айдың ішінде ақтап алдық. Бүгінде оны кеңейтіп те үлгердім.

Сән мен сұлулыққа қызыққандар арасында Айжұлдыз да бар. Жанар Айжанованың жалғызы дизайнер ретінде өз топтамасын да ұсынды. Адайбекова тіпті тапсырыспен киім тігіп, пайда тауып жүр.

Айжұлдыз Адайбекова, жас дизайнер:

- Бұл менің ең алғашқы қадамдарымның бірі. Сол себептен үлкен әйгілі дизайнермін деп айта алмаймын. Бірақ, бұл тек бастамасы, бірақ енді тоқтағым келмейді.

Танымал тележүргізуші Гүлмира Дайрабаеваның ұлы, Артур Асқарұлы да өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Гүл сататын дүкен ашқан блогер, барлығы анамның арқасы дейді.

Артур Асқарұлы, блогер:

- Өте жақынмын, қанша дегенмен анам ғой. Меніңше барлық жігіт анасына жақын болады деп ойлаймын.

Бизнеске келгенде, Гүлмира Дайрабаева ұлына әрдайым қолдау көрсетіп келсе, Динара Сатжан керісінше атұстарына толықтай еркіндік бермек. Даниал да, болашақта гүл шоғын сатумен айналыспақ ниетте.

Динара Сатжан, дизайнер:

- Бәріміз балаларымызды жақсы көреміз. Бірақ баламызға кроссовки кигізіп, қандай киім киесің, не жасайсың, соның барлығын жасамау керекпіз. Өйткені бала 18 жасында өзі өмірін қалай сүрем, қайда оқим, не жасаймын оның барлығын өзі білу керек.