«EQ» тобы карантин кезінде эротикалық бейнебаян таспалады!

Сообщить о проблеме с эфиром

«EQ» тобы енді мүлдем өзге қырынан танылмақ ниетте. Жігіттер орыс тілінде ән шырқап, оны басқаның атынан, яғни «альтер эго» арқылы ұсынбақ. Жаңа контент, кью-поп бағытынан мүлде бөлек.

«EQ» тобы:

- Бұл жоба «EQ»-ге мүлдем қатысы жоқ. «Альтер эго» деген болады, біреуіңіз білесіз, білмейсіз көптеген әртістер өзінің лақап атымен емес, өзге лақап атпен шығады. Бірақ ол сол әртіс, бірақ өзге толқын таратушы. Сол себепті бізде басқа толқынды таратуға дайынбыз қазіргі уақытта себебі, өнер шексіз.

Жаңашылдыққа жаны құмар Еско мен Тико су жаңа клипке аса шығындалмаған. Карантин кезінде үйге қамалған жігіттер, бейнебаянды өз күштерімен түсірген.

«EQ» тобы:

- Біз негізі телефонға түсірген жоқпыз, біз нормальный камераға түсірдік. Негізінде бізде бюджет бойынша 30 мың теңге кетті. Есептегенде иә, 30 мың кетті, былай тамағыңмен, реквизиттеріңмен.

Жаңа клип «EQ» тобының шығармашылығына кері әсерін тигізбейді дейді жігіттер. Өзгенің атымен туынды ұсыну тек аудиторияны кеңейту үшін қолданылған амал көрінеді.

«EQ» тобы:

- Ол жобаның мақсаты өзіміздің өнеріміздің шекарасын одан сайын ұзарту. Басқа елдерге, яғни СНГ елдеріне тарату деген сияқты. Карантин деген нәрсеге қарамастан, біздің жұмысымыз тоқтамас үшін, біз бейнебаян түсірдік.

Ең қызығы «EQ»-ліктердің, су жаңа бейнебаяны 18-ден асқан көрерменге арналған. Жігіттер эротикалық видеоны «EQ» тобының атынан шығаруға жасқандық дейді.

«EQ» тобы:

- Айта кетсем, ол кью поқа мүлдем ұқсамайды, кью поп емес. Басқа тілде айтамыз. Бұл контент более +18 десек те болады, +18 ден жоғары. Ал, мына контент более взрослыйлау контент деп айтсақ болады. Жалпы алдағы уақытта көресіздер деген ойдамыз және дұрыс түсінесіздер деген ойдамыз.

Ал Еско мен Тиконың тың туындысы мамыр айында жарық көрмек.