Жартылай жалаңаш фотоларымен елді талай шулатқан актриса Дарья Александрова екінші рет ана атанбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше сәтсіз некеден соң, сүйікті адамымды кездестірдім деген Дарья Александрова тағы да сүйінші сұрады. Ашық-шашық фотосессияларымен ел есінде жүрген актриса екінші рет ана атанбақ. Дашаның өзі: «бұл карантиннің бізге тигізген басты пайдасы», - деп қалжыңдайды.

Дарья Александрова, актриса:

- Қарым-қатынасымыздың басталғанына көп болмаса да, балалы болуға шешім қабылдадық. Карантиннің әсері дегенім дұрыс болар. Өйткені 24 сағат бойы біз біргеміз. Негізі оған бала сүйгім келеді деп айтудан қорыққан едім.

Ал Дарьяның қорқынышының басты себебі – алғашқы сәтсіз некесі. Бір жіберген қатесін екінші рет қайталағысы келмеген актриса ақ көйлек киіп, қалыңдық атануға асықпаған.

Дарья Александрова, актриса:

- Негізі жүкті екенімді білгенге дейін сүйіктім «маған тұрмысқа шығар ма едің?», - деп қана ойымды сұрады. Мені екінші рет тұрмысқа шығуға ниеті жоқ деп сескенген екен. Алайда жағымды жаңалық бүкіл жоспарды өзгертті. Карантин аяқталған соң салтанатты түрде ұсыныс жасайтын болып шештік.

Қуанышымен бөліскен актрисаны «некесіз жүкті болдың» деп ауыптаушылар да табылған. Алайда Дашаның оларға айтар бір ғана жауабы бар.

Дарья Александрова, актриса:

- Мен үшін той мен заңды некенінің болуы маңызды емес. Мен өз қалауымша өмір сүремін. Бірақ жігітім заңды түрде некелескісі келетіндіктен, менің қарсылығым жоқ. Түбінде ер азаматтың айтқаны болады.

Сондай-ақ актриса көпбалалы ана болғысы келетінін айтып қалды. Тіпті Даша құрсағындағы сәбиінің егіз болғанын тілеп жүр екен.

Дарья Александрова, актриса:

- Әзірге 2 апталық сәби болғандықтан ультра дыбыстық зерттеуден көру қиын. Шыны керек егіз болғанын қалаймын. Үшеу болса да қарсы емеспін.