Геннади Головкин 38-ге толды! GGG туған күнін қалай тойлап жатыр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ол – «мен, мен» деген боксшылардың қорқынышты түсі. Оның жойқын жұдырығы мен сұрапыл соққысы кез келгенді сұлатады. Ел үшін қашанда чемпиондық титулдан түспеген, жұрт үшін абсалютті чемпион есептелетін Геннадий Головкиннің бүгін туған күні. Майқұдықтың майталманы 38-ші көктемін күтіп алды.

Боксшы бүгінде қырықта қамал алу үшін, дайындықты үдеткен. Өзін аямай жаттығу жасайтын Гена қазір отбасымен бірге Лос-Анджелеске тұрақтаған. Бірақ қазақстандық спортшы Отанын сағынғанын қашанда айтып жүреді.

Геннадий Головкин, боксшы:

- Ең қиын кездерден өттік. Менің кезімде, 90-шы жылдары жаттығу залдары болмайтын. Болса да жабдықталмаған. Соның бәрін көріп, өзім шыққан ауылды, елімді әлемге танытқым келетін. Ағам екеуіміз көп армандадық. Сол жолда әлі еңбек етіп келеміз.

Иә, арманшыл баланың бүгінде бар көздегені орындалғандай. 40 жекпе-жек өткізіп бәрінде жеңімпаз атанған сабаздың тек бір рет қана рингте асығы алшысынан түспеді. Бірақ бұған еңсесін түсірген ешкім жоқ. Керісінше Головкин дайындығын одан әрмен күшейтіп, өзіне талапты жоғарыдан қоя білді. GGG күз айларының бірінде орта және супер орта салмақтағы әлем чемпионы, британдық боксшы Карл Форчпен кездесу өткізеді. Әзірге әлемдік спорт сарапшылары бәстің басым бөлігін Отандасымызға тігіп отыр.