Төлепберген коронавируспен күресіп жүрген достары үшін алаңдап жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Коронавирустың кесірі әртістерге де кері әсерін тигізіп жатыр! Тіпті, танымалдардың кейбіріне жұлдызды өмірді ауылдағы күйбең тіршілікке алмастыруға тура келген. Қауіпті індеттен қорыққан Жазира Байырбекова осылайша, карантин бойы қаладан жырақта, қара шаңырақта өткізуді қауіпсіз санапты.

Жазира Байырбекова, әнші:

- Біз студенттер каникулға шыға салысымен, үйден шықпай отыру керектігін ұғынып, ауылға кеттік. Қазір бәріміз ауылда қара шаңырақтамыз. Әрине, үйден шықпай отыру қаланың тұрғындарына өте қиын. Сонда да сіздерге сабырлық тілеймін.

Уақытша шығармашылығын тоқтатқан өнер иесі есесіне әлеуметтік желіде өте белсенді. Байырбекова ханым инстаграмға түрлі видео салып, фалловерлеріне ауыл өмірін кеңінен көрсетіп жүр.

Айқын болса, бала-шағасымен бірге төрт қабырғада қамалған. Әншінің жүзіне қарап, оның үйде отырып әбден әбіржігенін байқауға болады. Соған қарамастан Төлепберген өзі және қоғам қауіпсіздігі үшін ешқайда шықпауға бел буған.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Менің қаншама достарым медицина саласында, полиций қызметкерлері, әкімдікте жұмыс істейді. Тынбай еңбек етіп жатыр. Үйлеріне бармай еңбек етіп жатыр. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Рақмет сіздерге. Және тағы да баршаңызға айтарым, үйде отырыңыздар.

Ал Алуа Қонарованың жағдайы мүлде басқа! Азулы продюсер карантин жарияламай тұрып, Анталияға анасының жанына аттанған болатын. Енді өнер иесі әуе қатынасы қайта іске қосылғанда Түрік елінде болуға мәжбүр.

Алуа Қонарова, продюсер:

-Карантинді Түркияда өткізіп жатырмын. Менің шетелде жүргенімді естіп, көбісі таңқалып жатыр. Қазір анаммен бірге осындамын. Ол тыныс алу жолдары дертіне байланысты теңіздің жағасында өмір сүруге мәжбүр. Қазақстандағыдай, бұл елде де карантин. Мен де көпшілік сияқты тәртіпке бағынып, карантинде отырмын.

Бәрі оңалған соң, елге анасымен бірге оралуды мақсат еткен Қонарова ханым, сақтық шараларын мұқият орындап жүрмін дейді.