32 жасында тұрмыс құрған Луина ана атануға қамданып жүр. Тіпті әнші жүктілік кезінен естелік болсын деп, ерекше фотосессия жасады. «Ойымның бәрі тек отбасым мен іштегі сәбиімде», - деген бикештің суретін тамашалған көпшілік, Луина қыз босанады деп топшылауда.
Ринголық Аян Бірбаев пен продюсер Ерлан Әлімов бәстесті! Жұлдызды келісім бойынша, артық салмақтан арылған адам жеңімпаз. Тек су ғана ішуге болатын емдік оразаны серілер бастап та кеткен. Бүгінде Ерланның салмағы 90 келі болса, Аян таразы көрсеткен 83 келіні азайту ниетінде. Жігіттер өзара «жеңілген адам жеңімпазға сыйлық әпереді», - деп келіскен.
Ал «Арнау» тобы тыңдарманын жаңа бейнебаянмен қуантпақ. Жұбы жарасқан дуэт бұл жолы отбасылық туынды таспалады. Жаңа туындыда Салтанаттың үш баласы мен екінші жартысы Нұржан төбе көрсетсе, Керменбаев клипке қос құлыншағы мен сұлу жарын түсіруді жөн көрген.