«Голливуд» жұлдыздары гигиена сақтауға шақырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемде орын алған жаппай дүрбелең «коронавирусқа» қатысты енді «Голливуд» жұлдыздары да өз пікірлерін білдіріп, кеңестерін беріп жатыр. Өйткені дерт дендеп кеткендіктен, барлық түсірілім жұмыстары тоқтап, актерлар үйлеріне карантинге жатқызылған.

Мәселен, Себастиан Стэн желіге қолын жақсылап жуып жатқан видеосын жүктеп, оның астына: «Өтінемін, өздерініңізді және айналаңыздағы адамдарды ойлаңыз. Барлық сақтық шараларын сақтаңыз. Қолдарыңызды жуып жүріңіздер», - деп жазба қалдырған. Естеріңізде болса, актер эпидемияға байланысты Прагадағы фильм түсірілімін тоқтатып, АҚШ-қа кері қайтқан.

Стэн бастаған челленджді Арнольд Шварценеггер де жалғастырып, инстаграм парақшасына қолын мұқият жуып жатқан жазбасын жүктеген. Бұл сәтте актер неліктен тазалықты сақтау керегін де айтып, түсіндіреді. Арнольдтың пікірінше, тәні саудың жаны ешқашан ауырмақ емес екен.

Джессика Альба да өзге әріптестерінен қалыспай, оқырмандарын сақтыққа шақырып жатыр. Актриса жеке бастың гигиенасынан бөлек, дұрыс тамақтанып жүру керегін де тілге тиек еткен.

Коронавирустан қорықпай, оның алдын алу шаралары қандай болу керегін ескертіп, оқырмандары үшін алаңдап жатқан Голливудтық жұлдыздардың ішінде: Хью Джекман, Зак Брафф, Джеймс Ганн сынды танымалдар бар.