Сүйінші! Дильназ Ахмадиева алғаш рет ана атанды. Инстаграм парақшасында өзінің қуанышымын бөліскен өнер иесі ұлды болғанын хабарлады. Әнші сүйіктісімен ақылдасып, тұңғыштарына «Зейдан» есімін таңдаған. Еске салсақ, жұлдызды жұп 2017-шы жылдан бері бірге.
39-ға келіп ата атанған Дильназ Ахмадиеваны өнердегі әріптестері жарыса құттықтауда. Ал «жасы келгенде сәби сүйю – бүгінгінің бикештері үшін қалыпты жағдай», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:
- Енді дәрігердің айтуы міндет, сен 25-жасқа дейін 2-3 баланы дүниеге әкелуің керек деп. Физиологиялық жағынан. Бірақ кейбір қыз келіншектер бар 40-қа дейін жағдай жасайтын. Қалай сөгесіз оны. Қалай сөгуге хақыңыз бар. Ол солай жоспарлады. Оған солай ыңғайлы болды.
Оның үстіне жасы келіп, ана атанған тек Дильназ емес. Мәселен, әнші Рано Умарова тұңғышын 30 жасында босанған болатын.
Рано Умарова, әнші:
- Мысалы, мен 20 емес 30 жаста босандым. Қандай да бір қиындықтар болмады, өзімді жақсы сезіндім. Меніңше, керісінше әйелдің жасы ұлғайған сайын, ақылы көбейіп, жүктілікке де жауапкершлікпен қарайды.
Ал Жазира Байырбекова болса, 42 жасында екінші мәрте ана атанып, тыңдарманын таңқалтқаны бар. Өнер иесі, ханшайымын ұзақ күткенін айтады.
Жазира Байырбекова, әнші:
- Қызымыз пайда болғалы баланың тәттілігін сезіп жатырмыз. Әрбір күнде бір қылығы шығады. Соған мәз болып, үйіміз жап-жарық болып... Енді Қазбекке айтып жатырмын, үлкен ұлымызға: «енді сен үйленетін қыз ізде. Ертерек үйлен. Біздің Дара қызымыз екі-үш жасқа келгенше, үйде тағы бөпе болуы керек.
Сондай-ақ, жасы келіп құрсағына нұр қонғандар қатарында Айгүл Мүкей де бар. Танымал тележүргізуші 43-ке келіп қызды болды.