Америкалық рэпер Эминем дәл осы «Godzilla» трегімен рекорд орнатты! Әйгілі хип-хоп орындаушы 31 секундта 224 сөз оқып, өз жетістігін жаңартқан еді.
Еске салсақ, музыкант бұған дейін 12 секудта 123 сөз оқып, топ жарған болатын. Таяуда ғана сахнаға қайта оралған Эминем, тіпті фанаттарын батлға шақырып, жылдамдыққа рэп оқудан флешмоб бастағанды.
Отандық рэперлер Эминемнің #GodzillaChallenge -нін қолдап қана қоймай, өз өнерлерін де ортаға салды.
Tanir, рэпер:
- Мен минутына шамамен миллион сөз оқи аламын. Әрине бұл қалжың, бірақ егер жылдамдықты қоссаң бәрі де мүмкін ғой. Сондықтан тырысып көруге болады.
Сахнада 10 жылдан астам өнер көрсетіп жүрген музыкант Танир, америкалық рэпердің жетістігін қайталауға тырысып бақты.
Хироуға әйгілі Эминемнің рекорды шалқар шабыт сыйлығандай. Дегенмен ол жылдамдыққа оқу өзін «рэпер» санайтын кез-келген музыканттың міндеті дейді.
Hiro, рэпер:
- Шынымды айтсам, бұл мен үшін жаңашылдықтың көрсеткіші емес. Бірақ бұл керемет әрине. Ондай дүние жасау менің де қолымнан келеді, бұл әрбір рэпердің мақсаты.
Жақында ғана музыка әлеміне бет бұрған Zheka Fatbelly, Эминемнің фанаты көрінеді. Алайда, желі жұлдызы атақты музыкантпен батлға шығуға жүрексінеді екен.
Zheka Fatbelly, блогер:
- Егер Эминемнің өзі мені батлға шақырса, мен бас тартар едім. Қанша дегенмен, ондай дегейге жету үшін тер төгу керек.
Ал Эминем бастаған челлендждің жеңімпазы өнер иесінің өзімен жарысқа түседі.