Жұлдыздардың жаппай «суррогат ана» көмегіне жүгінуінің себебі неде?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық жұлдыздар суррогат ананың көмегіне жүгінуді әлі де жүрексінсе, шетелдік өнер өкілдері арасында бұл үрдіс трендке айналғандай. Мәселен, 2010 жылы әлемге әйгілі аяқдопшы Криштиану Роналду әке атанып, көпті таңқалтқан еді. Сері баласының билогиялық анасына 10 миллион еуро жұмсағаны да белгілі. Кейіннен спортшы отау құрып, бүгінде 4 баланы тәрбиелеп отырған жайы бар.

Криштиану «суррогат ана» арқылы әке атанған жалғыз танымал сері емес! Рики Мартин де дәл осындай ерек жолмен, егіз ұлдарын өмірге әкелткен.

Николь Кидманның кенже қызы мен Сара Джессика Паркердің егіз кестетігерлері «суррогаттық» жолмен дүние есігін ашқан-ды. Қос актриса да, бұл шешімге денсаулықтары жарамағандықтан бел буғанын айтады.

Ал Ким Кардашьян болса, мінсіз мүсіні үшін үшінші рет бала көтреуден бас тартқан-ды. Бұл мәселенің оң шешімін таба білген ол, Канье Уэстпен «сурогат ананың» көмегіне жүгінген.

Ким Кардашьян, сәнбике:

- Канье екеуіміз үшінші қызымыз, ханшайымымыз суррогаттық жолмен дүниеге келгенін жасырмаймыз. Суррогат анаға айтар алғысымыз зор. Ол біздің арманымыздың бірін орындады десек, артық болмас.

Көршілес Ресей елінің шоу-бизнесінде де, өзгенің арқасында бақыттын еселегендер жетерлік! Мысалы, 2013 жылы Алла Пугачева мен Максим Галкинның егіз сәбидің ата-анасы атанғандығы туралы хабар көпті таңырқатпай қоймады. Одан бөлек, бұл тізімге Филип Кирокоров, Дмитрий Маликовтарды да қоса аламыз.