Жаз маусымы жақындаған сайын, жұлдыз біткенді артық салмақ мәселесі мазалайды. Мәселен, солардың бірі – бірнеше келі қосып алған Баян Алагөзова. Продюсер, жуырда ғана томпақ қыз туралы туынды ұсынса да, өмірде дене бітіміне назар аудармайтын аруларды қолдамайтын көрінеді.
Баян Алагөзова, продюсер:
–Артық салмақты дәріптеуден аулақпын. Себебі, артық салмақ денсаулыққа зиян. Өз басым бала кезімнен арықтар қатарындамын. Бірақ, қазір салмақ қосқаным бар. Қанша келі екенін айтпай-ақ қояйын.
Өзі үшін емес, өнер үшін артық салмағынан арыла алмай жүргендер арасында Тәуекел Мүсілім де бар. Актер бүгінде қатаң диета ұстамаса да, спорт зал жағалап жүргенін жасырмайды.
Тәуекел Мүслім, актер:
– Дегенмен қазір алда тастау керек болып тұр. Осы наурыз айының соңында Өнер барысы жарысы өтеді. Сода бұйыртса бағымды сынап көремін. Сол жарысқа 90ға дейін салмақ түсіру керек. Қазір салмағым 90 болып тұр. Сол он шақты салмақ тастау керек, килограмм.
Арықтаудың құпиясын жұлдызды визажист Нуччиден артық ешкім білмес сірә! Себебі, сері кезінде 130 келі болса, бүгінде оның салмағы 80 келі. Тынымсыз еңбек пен бастан кешірген депрессиясы оның мінсіз мүсінді атануына сеп болған. Соған қарамастан, Нұрланның пішіміне қатысты әлі де кері пікір қалдыратындар көп көрінеді.
Нұрлан Алимходжаев, визажист:
– Дәл бүгін жекеме хат келді. Жартылай жалаңаштанған фотомды көрген оқырман, ондай сурет жүктейтіндей сенің мүсінің мінсіз емес деп жазыпты.
«Міншіл жұртқа не істесең да жақпайсың. Сондықтан, бастысы денсаулығыңа қарап, өзің үшін арықтап, өзіңді жақсы көру керек» - дейді визажист.