Дженнифер Лопес пен Алекс Родригестің тойы қашан?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүкіл әлем Дженнифер Лопес пен Алекс Родригестің тойларын тағатсыздана күтіп жүр! Бірақ Джей Лоның өзі айтулы күнге асықпайтын сыңайлы. Себебі, күні кеше Батыстық БАҚ-қа сұқбат берген сылқым үш рет бақытсыз некені бастан кешірген соң, тағы да сәтсіздікке ұрынғысы келмейтінін жеткізген. Сондықтан да әнші ол күннің қашан туатынын дөп басып айта алмады.

Джастин Тимберлейк пен Джессика Бил арасындағы шиеленіске ақыры нүкте қойылған секілді! Оған дәлел мына суреттер:

38-ші көктемін атап өткен жарына Джастин өз қолынан арнайы торт пісіріп, жүрекжарды тілегін айтып тарту етіпті. Тіпті, әнші Джессиканың көңілінен шығу үшін «арнайы тамақ даярлау» курсынан да өткен. Қос ғашықтың енді бірге, ажырамас ірге екендерін саусақтарынан жарқырап тұрған неке жүзігінен байқауға болады.

Канье Уэст Париж төрінде «Yeezy» брендінің топтамасын ұсынды! Кеш барысында оның 6 жасар қызы Норт, Zaza есімді әншінің «What I Do?» трегін орындаған. Әңгіме осы жерден тоқтауы керек еді. Бірақ 5 жасар Zaza-ның анасы, автордың рұқсатынсыз туындыны орындағаны үшін Ким Кардашьянмен оның әулетін қаралап пост жазған. Артынша сәнбике де сабырға келіп, жұрт көзінше қызының қылығы үшін кешірім өтініпті.