Мысалы дәл осы әнмен танылған Ғазизхан Шекербековтың сазгер екенінен ел хабардар. «Құмарсың, Ай-ли-ли. Көріктім!» сынды композициялар әлі күнге жұрт жадында. «Соңғы екі жылдықта музыка жазуды қойдым» деген ол, бүгінде студия жұмыстарын сағынғанын жасырмайды.
Ғазизхан Шекербеков, әнші:
- Жоқ. Мүлдем! Мен өзімнің жұмысымды жақсы көремін. Мен содан рахаттанамын. Өзіме жарасатын әнді ғана алып қаламын. Жараспайтын ән болса, сол жарасатын әншісіне беремін. Сондықтан одан ешқандай қиындық көрген емеспін. Мен рахаттанатын, жақсы көретін жұмыстан қиналмайсың деп ойлаймын.
Ал талай хитқа мұрындық болып жүрген «Бақайлық» Бекберді Шәріповтің сазгерлік қабілеті барын бірі білсе, бірі бейхабар. «Опмай-лық» ағамыз «әнді жан қалауым үшін жазамын» дейді.
Оның ең танымал «Кім кінәлі?», «Аңсаған арман, саған ғана» сынды әндері бар.
Бақай тобы:
– Мен өзімнің рахатыма жазамын. Былайша айтқанда өзімнің кайфым. Былайша айтқанда, сахнаға шығару, халыққа өткізу. Халық менің әндерімді тыңдап жатса, менің әндерімнен сусындап жатса мен одан рахаттанамда.
Ал әндері талай жүректі тербеп жүрген Сейфуллин Жолбарыс, «сахна мен сазгерлік егіз ұғым, оларды бөліп қарауға болмайды», - деген пікірде. Біраз уақыттан бері тұралап қалған Сейфуллин мырза: «ән жазуды қайта қолға алып бастадым», - дейді.
30 жылдан бері сахнада жүрген ағамыздың «Сен туралы», «Сағындым, туған жер» сынды танымал туындылары бар.
Сейфуллин Жолбарыс, әнші:
- Бізде үлкен фундамент бар. Сондықтан қазір мысалы жылына екі жаңа ән жазсам да, кейбір тыңдармандарым ойлайды ой сен жаңа ән жаза береді екенсің деп. Мен оларды сендіре алмаймын мен жылына екі-ақ рет, екі-ақ ән жазуым мүмкін. Олар жаңағы бұрынғы ескі әндерді де, естімеген әндерін де санап жібереді.