Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші:
- Отбасылық тақырыптағы вайндарымен танылған Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева толықметрлі туындыларын ұсынды! «Семейные страсти» атты фильм таспалаған желі жұлдыздары, бұл жолы тағы қандай жанұя мәселелерін көрсетпек? Өздерінен сұрап көрейік....
Мейіржан Төребаев пен Дана Есееваны тырнақалды туындысымен құттықтауға шоу-бизнес өкілдері түгелдей жиналды! Игі тілектің астында қалған жұлдызды жұп, дәл осы отбасы мәселелері туралы вайн таспалап, көптің көңілінен шыққан еді.
Мейіржан Төребаев, актер:
- Әдетте негізі, сендер отбасылық мәселелерді қозғайсыңдар, әзілге айналдырасыңдар, салт-дәстүрді әзілге айналдырасыңдар кейде, соған кейбір көрермендерің сендерге наразы болып жатады. Сол туралы ойың?
-Не істеймін енді, наразы наразы, надо вам раз на раз можем выйти)
-Бәлкім, әзілді түсінбейтін шығар ол кісілер дұрыс.
-Ия ондай адамдар көп. Оның әрқайсысына мән берсең, не қалады менен. Түсінетін адамдар түсінеді, мен не істеймін, психологқа барсын.
-Мейіржан, Дана актерлыққа қадам басып жатыр, сен сұхбаттарыңның бірінде, ол талантты қыз деп айтқан болатынсың, қалай екен актерлық қабілетіне өзіңнің бағаңды берші.
-Мен негізі ойламадым, ондай Дананың қабілеті бар деп, думал сасып қалады қазір, бір жерде нерв болады потом, маған жүгіреді, шықпаймын ойнамаймын, қиын екен мына кино түсіру, өзім таңқалдым кино түсірген кезде.
Алғаш рет актриса атанған Дана Есеева, камераға етім әбден үйренді дейді Қысқа видеолар түсіріп жаттыққан блогер, көрерменге жаман дүниені насихаттаған емеспіз, деп ақталды.
Дана Есеева, блогер:
- Дана сіздер вайн түсірген кезде, кей кезде қазақилыққа теріс іс-әрекеттер жасап жатасыздар, оған көрермен наразы болып жатады.
- Это смотря қандай көрермендер, кейбір көрермендер оны басқаша қалып қарайды, пропаганда деп қарайды, сондағысы бір адамдарды наобарот осындай жағдай болған кезде, сыртынан қалай көрінетінін соны күлкі ғып көрсетеміз. Соны түсінуге, енді бәрі түсіне алмайды.
- Үйде кім қожайын, кім бастық?
- Ой вайнда сен қожайын екенсін, сондықтан да сен де үйде сондай екенсің деп айтуға болмайды. Ажырата білу керек вайн мен өмірді. Егер де Мейіржан шынымен да сондай подкаблук болса вайндағыдай, мынандай керемет успешный адам болмаушы еді.
Ал дәл осы жұлдызды жұптың хикаясын фильмге арқау етіп, көрерменге жеткізу идеясы режиссер Асқар Бисембинге тиесілі. Киногердің айтуынша, бұл жобаның жарық көруіне біраз уақыт кеткен.
Асқар Бисембин, режиссер:
- Фильм 2 жыл бұрын ойға келді. Мейірге ұсындым, ол бірден келісті. Мен олардың вайн арқылы танылғандығын қолданып отырған жоқпын, Мейіржанмен 15 жылдан бері таныспын. Екеуміз өнерде әріптес болсақ, өмірде доспыз.
- Фильмнің халыққа берері не?
- Отбасылық құндылықтар, себебі Қазақстанда әрбір екінші жұп ажырасып жатады. Қазіргі таңда Мейіржан мен Дана біздің елімізде үлгілі отбасылардың бірі. 4 балалары болса да, барлығына үлгереді. Түсірілім алаңында болсын, басқа жерде болсын, өздерін лайықты ұстайды.
«Семейные страсти» бір жанұяның жолсапарын баяндайды. Мейіржан мен Дана алғаш танысқан Ақтау қаласына 15 жылдан кейін балаларын апармақ болады. Бірақ олардың бұл саяхаты ойдағыдай өтпей, түрлі келеңсіз оқиғалармен шиеленісе түседі.
Әбунасыр Серіков, актер:
- Тағы бір кезекті комедияның тұсауын кескелі отырмыз «Семейные страсти». Сіздің рөліңіз, сомдаған рөліңіз, сіңірген еңбегіңіз қандай?
-Мен енді көп мақтанбай-ақ қояйын, бұл жерде менде кішкентай-ақ рөл.
-Отбасылық кикілжіңді, салт-дәстүрді осындай мәселелерді әзіл арқылы мына «Семейные страсти» фильміндегідей халыққа жеткізгенге сіз қалай қарайсыз?
- Дұрыс қой, себебі күліп отырып. Адам күліп отырып, мынаны былай жасауға болмайды екен ғой, мынаны былай шешуге болады екен деп әр киноның өзінің, айтарлық ойы болады.
Лентада сондай-ақ, ет жақындарыңа сенім арту, бала тәрбиесі сынды өзекті мәселелер сөз етілген. Туындыны алғаш болып тамашалаған Ринго тобының экс-әншісі Батыр Байназаров кейіпкерлердің орында өзімді көргендей болдым дейді.
Батыр Байназаров, әнші:
- Қалай саған фильм?
-Ұнады, көңілімен шықты.
-100 пайыз ба?
-100 пайыз деп айта алмаймын енді. 100 пайыз қиын ғой, голливудтық киноларда 100 пайыз көңілінен шықпайды. Сондықтан бірақ күшті.
-Не ұнады?
-Қалжыңдары, әзілдері. Өмірдегі жағдайларды алған әзіл ретінде сонысы ұнады. Көптеген нәрселерді, біз өзіміздегі болып жатқан жағдайлармен салыстырдық, күлдік.
Нұртас Адамбай, режиссер:
- Нұреке, қалай фильм?
- Фильмді тамашаладым, күлкілі сәттері де болды. Менің ойымша, қызықты комедия шыққан сияқты. Себебі мені күлдіру өте қиын, бірақ Асқардың қолынан келді.
Ал аталмыш комедия 5-ші наурыздан бастап үлкен экрандарға жол тартады.