Кайли Дженнер кезекті демалысын теңіз жағасында, қызы Сторимимен бірге өткізуде. Сәнбике мұхитта тынығып қана қоймай, су киімімен кәсіби фотосессия жасады. Күнге күйген мінсіз мүсіні көп ер азаматтарды естен тандырса керек, Кайлидің бөлмесіне күнде гүлдер мен сыйлықтар толассыз келіп жатқанға ұқсайды. Дженнердің бақыттан басы айналып жүргенін келесі суреттерден көруге болады.
Коби Брайанттың жары Ванесса құқық қорғау қызметкерлерінің үстінен арыз түсірді. Қайғылы оқиға орын алған күні, баскетболшының бөлшектенген денесін видеоға түсіріп, желіге таратып жіберген полицейлер енді жазалануы мүмкін. «Адамдық ар намыс пен құқықты таптады», - деп шағымданған Ванесса «олар судан құрғақ шығып, айыптан сытылып кетпесе екен» дейді.
Хейли Болдуин жары Джастинды 26-шы көктемімен айырықшы құттықтады! «Туған күніңмен, досым! Езуіме күлкі үйіріп жүргенің үшін рақмет! Сүйемін...», - деп жазба қалдырған сәнбикенің постын оқыған жанкүйерлері қос ғашыққа мәнді де сәнді ғұмыр тілеуде. Мереке күні Хейли бұрын-соңды жарияланбаған суреттер топтамасын ел назарына ұсынды.