Paris Fashion Week қызықтары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сән әлемінде ақыр заман! Жаһанды жайлаған «коронавирус» індеті Balenciaga-ны ойландырмай қоймағаны анық! Кезекті коллекциясын Париждің қақ төрінде таныстырған бренд «табиғи апаттар» тақырыбын көтерген. Фэшн шоудың подиумы топан суды еске салса, ерек безендіру кеш қонақтарына қара түнекке оранғандай әсерге бөледі.

Ал топтаманың өзінен әдеттегідей Balenciaga-ның қолтаңбасы байқалады. Сән үйінің биылғы ұсынары теріден әзірленген үлгілер мен ауқымды иықты киімдер. Сондай-ақ, көрпені еске салатын пәлтелер де жетерлік. Бұл күні фэшн шоуды тамашалауға Ким Кардашьян мен Канье Уэст, Кортни Кардашьянның өзі келген еді.

Vivienne Westwood-тың топтамасын тамашалауға келген көпшілік болса, Белла Хадидтың жалаңаштанған төсін талқылап әлек! Шілтерлі образдан бөлек, сылқымның беліне байланған қылышы да назардан тыс қалмады. Алайда, фэшн кеште көзге түскен ерек аксессуар бұл ғана емес. Мәселен, модельдердің мойнына ілінген «сарымсақ алқалар» дизайнердің айтуынша, негативті энергиядан сақтайды екен.

Есесіне, Valentino-ның шоуына келген қонақтың қарасы мол! Ал, су жаңа үлгілерді ұсынған сән үйінің топтамаларын Ирина Шейк, Кайя Гербер, Наташа Полидің өзі таныстырды.

Жаңа үлгілерде қатал қара нәзік реңктермен керемет үйлесім тапқандай. Қарама-қарсылықты үйлестіре білген топтама әсем көйлектер мен батыл образдардан құралған.