Жас әнші Dequine харассменттің құрбаны атандым деп, желіде пост жариялады. Өнерпаздың айтуынша, оған Кисло-Сладкий және Bonah есімімен танылған отандық рэперлер сексуалды зорлық-зомбылық көрсеткен. Алғашында ғаламторда кавер әндер айтып жүрген Данеля Садықова ТМД елдеріне танымал. Бүгінде ол Ресейде шығармашылығын шыңдап жүр. Өнердегі әріптестерінің шақыртуымен, Алматыдағы концертке келген ол, сахналастарынан мұндай әрекетті күтпегенін айтады.
Әншінің айтуынша, бұл жағдай «Өзен» музыкалық ұйымы өткізген кеште болған. Бұл шара жас әншілерді қолдау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Декуин айыптаған қос рэпер де, концертте өнер көрсеткен еді.
Кисло-Сладкий, рэпер:
- Менің әртіс атым – Кисло-Сладкий. Дос балам - Бона. «Өзен» - жаңа дистрибюция, өлеңдер шығарып, біздің жаңа қазақ балдарын көрсетіп, где то 2-3 айдай болып қалды.
Кезінде өздерін дәл осылай таныстырған Кисло-Сладкий мен Бона, Dequine-нің айыптауларын жоққа шығарып отыр. «Сексуалды зорлық-зомбылық көрсетпедік, бұл жалған» деген қос рэпер арнайы видео жазып, инстаграмға жүктеді.
Кештегі бұл жағдайдан мүлде бейхабар болдық деген «Өзен» ұйымы болса, істің ақ-қарасын анықтауға тырысты. Концерттің ұйымдастырушысы - Айзат Хусейн, кеште болған оқиғаның камераға түскен видеонысын ұсынды.
Ал сексауалды зорлық-зомбылықтың құрбаны атандым деген Dequine-ді қолдап жатқандар жұлдыздар жетерлік. Мәселен, Назима дәл осыған ұқсас жағдайға тап болғанын жазса, Алуа Қонарова, Әнель Арыова бастаған өнерпаздар сылқымды жақтайтындарын жеткізді.