«Ғарыштан келген қуыршақ»! Леди Гага су жаңа бейнебаянындағы ерек образы арқылы дәл осындай атқа ие болды. Әнші араға үш жыл үзіліс салып, «Stupid Love» трегіне клип ұсынды. 2017 жылдан бері бірде-бір бейнебаян таспаламаған Гага, су жаңа видеосын ұялы телефонға түсірген көрінеді.
Ал камбэкпен сахнаға қайта оралған Леди Гага, әдеттегідей эпатажды кейіпте. Сюжет бойынша бикеш космостан жазық далаға тап болады. Әнші туындыда кезіндегі жарқын образдарын қайталауға тырысқан.
Поп жұлдыз Тейлов Свифт болса, керісінше, имиджін мүлдем өзгертті! Өнерпаз өзінің «The Man» трегінің бейнебаяны үшін жігіттің кейіпіне енген-ді. Тіпті, аталмыш клипте Тейлорды голливудтың танымал актерлары Джейк Джилленхол мен Леонардо ДиКаприоның бейнесінде көре аласыз.
Ерекше клип таспалаған Тейлор осылайша «феминизм» тақырыбын қозғамақ болған екен.
Ұзақ уақыт көзден тасада болған Дрейк те бұрыңғы танымалдылығын кері қайтаруға құлықты! Әйгілі рэпер екі бірдей композициясына ортақ клип арнауды жөн көріпті. Таяуда ғана «When To Say When» және «Chicago Freestyle» әндерінің тұсауын кескен музыкант туындыларды біріктіріп, бір бейнебаян ұсынды.