Плюс он сегіз! Баян Мақсатқызының картинасында тыр жалаңаш төбе көрсеткен Тәуекел Мүслім тағы да шешінуге әзір!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Дәулетқызы, тілші:

– Баян Алагөзова «Я – Пышка» картинасының тұсауын кеспек! Еске салсақ, продюсер фильмге күллі өнер өкілдерін түсіріп, бас кейіпкерге 10 келі салмақ қостырып, Тәуекел Мүслімнің есімін Мақсат Баянов деп өзгерткен еді. Мақсатқызының бұл ісінен не шықты екен? Қазір бірге анықтаймыз.

Азулы продюсердің көптен күткен премьерасында төбе көрсетпеген медиатұлғалар кемде-кем! Визажист, сәнгерден бастап әртіс біткеннің бәрі жиналған. Тіпті, келген қонақ арасында Алагөзованың құдағиы мен Тәуекел Мүсілімнің анасы да бар.

Қонақтарын қарсы алып жүрген Мақсатқызының, қолы қалт ете сала әңгімеге тарттық.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Баян Мақсатқызы, ең алғаш «Осторожно, Корова», бұл жолы «Я - Пышка». Неліктен толық қыздар туралы фильм түсіресіз? Мен білемін, өзіңіз салауатты өмір салтын ұстанасыз.

- Мен продюсермін ғой. Сондықтан трендттен қалмауға тырысамын. Әлемдік кинода томпақ қыздар туралы фильм көп, ал бізде жоқ. Оның үстіне, бұл жақсы коммерциялық жоба. Сондықтан, кассалық жағынан үмітті ақтайды деп сенемін.

Бұл кештің Алагөзовадан кейінгі басты жұлдызы – Назерке болды. Еске салсақ, басты рөлді сомдаған сылқым, кастингте жүздеген қыздың арасынан суырлып шыққан еді.

Назерке Назарова, актриса:

– Дәл қазір менің алдымда фильмнің бас кейіпкері. Мақсатқызының пышкасы анау-мынау емес, Лос-Анджелестегі Нью-Йорк фильм академиясын бітіріп келген. Шатаспасам, бұл сіздің алғашқы, дебьюттық жұмысыңыз. Барлығы қалай өтті?

- Бүгін анамның туған күні. Анама өміріндегі ең мықты сыйлық.*Енді, мама туған күнің құтты болсын! Сен менің періштемсің, сен менің жан құрбымсың. Сенің қолдауыңа әрқашан қажет етемін, сені жақсы көремін мама.

- Бұл енді ең бағалы сыйлық болды деп ойлаймын.

- Ең бағалы сыйлық.

– Ата-анаңыз не деді, ең алғаш осындай рөл бұйырды деген кезде?

- Негізі менің ата-анам екеуі де сабырлы кісі, сырттай көрсетпегенімен де іштей қуанады ғой. Өйткені бұл әке-шешемнің еңбегі. Олар мені оқытты, сенді. Басында қарсы болды, бірақ соңында сенді.

- Нақты неге қарсы болды?

- Нақты, негізі білесіздер ғой шоу-бизнес десе, басқаша ойлайды. Қыздарды жеңілтек деп ойлайды, әртүрлі ойлар келеді. Олар негізі менің полиция болғанымды қалады.

– Енді менің байқағаным бойынша, сіз өгерген сияқтысыз. Салмақ тастаған сияқтысыз?

- Мен арықтадым. Негізі ойлағам 20-30 килограм тастаймынба деп. Басқаша болып келем, арық болып келем деп. Бір жағынан ойладым, мен пышкамын. Әзірге осылай тұра тұрамын, 10 килограм тастадым.

Ал, фильмде арық Назеркені Жәния Джуринская сомдаса, оның сүйіктісі атану Тәуекел Мүсілімге бұйырған. Актерды жанкүйерлері мұндай образда көреміз деп еш ойламағаны анық.

Десе де, су жаңа картинада тыр жалаңаш төбе көрсеткен Мүслім бұл образынан ұялмайды. Тіпті, актер қажет болса тағы да шешінбек.

Тәуекел Мүслім, актер:

- Мен керісінше кез-келген иммиджды өзгерту керек болса, дайынмын. Арықта десе арықтаймын, тол десе толамын. Жаңағы шашыңды ал десе аламын, ондай қиыншылығы жоқ. Керісінше бұл мен үшін жаңа тәжірбие.

Талантты актер Қайрат Әділгерей де бұл фильмде танымастай болып өзгерген.

Қайрат Әділгерей, актер:

– Құттықтаймын сізді! Бұл жолы енді мүлде басқа қырыңыздан танылған сияқтысыз. Бұрынғы рөлдеріңізге ұқсамайтын сияқты.

-Иә, мен енді бұл кинода басты рөл емеспін. Бір эпизодпын. Екі күн сьемкада болдым. Фитнес залда. Осы пышкалардың фитнес инструкторымын ғой. Былай өзіме ұнады, өте қызық. Сьемка болғанда тырқылдап, күліп, өзіміз мәз болғанбыз.

Айтпақшы, Мақсатқызы фильмге түсетін әр актердан бастап, онда төбе көрсететін мысыққа дейін қатаң кастинг арқылы іріктеген. Азулы продюсердіен шақырту алғандар арасында визажист Нуччи де бар. Нұрлан картинада да бет әрлеуші образында.

Нұрлан Әлімходжаев, визажист, актер:

- Негізі менің мамандығым визажист. Ол кадрдан тыс жұмыс. Ешқашан актер атанып, подиумға шығамын деп ойламағам, талпынбағам. Себебі, өмірде шулы кештер мен патилерді ұнатпаймын. Мүмкін, өмірімде осылай болуы керек болған шығар.

- Тағы шақырса, түсесіз бе фильмге?

- Түсірілім кезінде шаршағаным сонша, не үшін келістім деп ойладым. Себебі, киноға түсу де оңай емес екен. Сахнаңды ұзақ уақыт тосу, мәтін жаттау. Бірақ, кім білер тағы түсіп қалармын.

Еске салсақ, су жаңа картинада сән саласында жолы болмаған томпақ қыздың қызықты хикаясы баяндалады. Фэшн тақырыпта кино түсіру идеясы отандық дизайнер Назым Қарпықоваға тиесілі.

Назым Қарпықова, дизайнер:

-Біз бұл фильмге көптеген киім тіктік. Сол Баян Мақсатқызымен шәй ішіп отырып, бір-бірімізді алты жылдан бастап танимыз, киноларына киімдер тігіп жүрем, сосын Баян Мақсатқызына айттым неге осы мода тақырыбында кино түсірмеске деп.

Ал, он сегіз жастан асқан көрерменге арналған «Пышка» картинасы, 27-ақпаннан бастап үлкен экранға жол тартпақ.