Бойтұмарға айналған актерлар! Нұрлан Қоянбаев, Жан Байжанбаевсыз киноға түспейтіні рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жан Байжанбаевсыз фильмге түскім келмейді!» Нұрлан Қоянбаев танымал актердің әрдайым түсірілім алаңында қасында болғанын қалайтынын айтып, таңқалтты. Продюсердің сөзінше, Байжанбаев мырза Нұрланға сәттілік алып келетін бойтұмары екен.

Жан Байжанбаевты қалың көрермен Нұрланның «Бизнес по-казахски» комедиясы арқылы танығаны көпке жасырын емес.

Нұрлан Қоянбаев, продюсер:

-Кейде басқа киноларға түскен кезде Жан Байжанбаев болмаса сағынатыным бар. Әңгімесін және де Жан Байжанбаев ағамыз өте мықты партнер. Ол көптеген, жаңағы актерлық жағынан көмектеседі және де өзімнің персонажымды ашу үшін ықпалын жасайды және де ол ісімен жұмыс істеген ыңғайлы.

Ал, Асқар Ұзабаев болса, Әбунасыр Серіковты «бойтұмарым» санайды. Сондықтан, режиссер әрдайым түсірілім алаңында Әбекенің болғанын құп көреді. Еске салсақ, Серіков мырзаға режиссердің «Келинка тоже человек» және «Махаббат кафесі» туындыларында бас кейіпкердің образы бұйырған болатын.

Асқар Ұзабаев, режиссер:

- Менің фильмдерімнің көбінде Әбунасыр Серіков бой көрсетеді. Ол кісіні әрдайым түсірілім алаңынан көргім келеді, әсіресе комедиялардан. Әбекемен жұмыс істеудің өзі бір ғанибет.

Нұртас Адамбай да фильмдеріне тек өзінің сүйікті актерларын шақыруды әдетке айналдырған. Мәселен, режиссердың комедияларында Дархан Дайырбек пен Жан Избасар, Гүлназ Жоланованы жиі байқауға болады. Адамбай бұл жағдайды былай түсіндірді:

Нұртас Адамбай, актер, режиссер:

- Мен негізі ешкімді бөліп жармаймын. Егер актер біздің командаға тап болса бір оны әр түрлі қырынан көрсетуге тырысамыз. Дарханмен де сондай жағдай. Ол өте талантты актер.