Белла Хадидтың денсаулығы сыр бергені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Миландағы сән апталығы біте салысымен, Белла Хадид бірден денсаулығын қалыпқа келтіруге кірісіп кеткен. Өйткені қауырт жұмыс кестесінен сәнбикенің бүйрегі ауырып, жедел түрде ауруханаға жеткізіліпті. Бүгінде Париж емханасында ем қабылдап жатқан Белла, алаңдаушылық білдірген жанкүйерлерін «бәрі жақсы» деумен тыныштандырып қойды.

Камила Морроне ДиКапириомен қарым-қатынастан шаршағанын айтып, Батыстық БАҚ-қа жақында ғана сұқбат берген болатын. 23 жастағы сәнбикені қажытып жіберген, жұрттың өсегі екен. «Ара-қатынасты тоқтатамын» деген ол, атақты актерді түбегейлі жібере алмаған сияқты. Өйткені қос ғашық күні кеше Лос-Анджелес көшелерінің бірінде қол ұстасып жүрген жерлерінен камера көзіне ілігіп қалған. Осыған қарап жұрт олардың жұбы жақын күндері жазыла қоймайды деп болжауда.

Инстаграмда оқырмандар санынан көш бастап тұрған Криштиану Роналдудың әр салған суреті мен қалдырған жазбасы жанкүйерлері арасында қызу талқыға түсіп, елең-алаң тудыратыны жасырын емес. Мәселен аяқдопшы күні кеше төрт баласымен бірге джакузида отырған фотосын жүктеп жұрт назарын өзіне аударды. Криштианудың үлгілі, қамқор әке екенін көргендер оларға жаппай бақыт тілеуде.