Фэшн уиктің алғашқы қонағы ретінде Кара Делевинь мен Деми Мур көзге түсті. Қос бикеш те, Диордың кезекті коллекциясын көруге келген-ді.
Ал Мария Грация Кьюри болса, су жаңа топтамасында әдеттегідей «феминизм» тақырыбын талқылауды жөн көріпті. Фэшн көрсетілім «патриархат – климаттық апат», «әйел махаббаты – төленбейтін ақы» сынды жазулармен безендірілді.
Топтаманың өзі де, нәзіктікке толы болды деп айта алмаспыз! Тіпті, олардың арасында униформаны еске салатын үлгілер мен қошқыл түстес костьюмдер кездесті. Сондай-ақ, әскери аяқ киімге ұқсас бәтеңкелер көптің назарын аударды.
Фэшн уиктің алғашқы күні топтамасын таныстырған Saint Laurent да ерекшелене білгендей! Оның биылғы ұсынары мүлдем өзгеше! Сән үйі кезекті коллекциясын әзірлеуде әдеттегі маталардан бас тартуға талпынған. Бұл бренд «түрлі түсті винилды шалбарлар мен латексті көйлектер трендтте», - дейді
Ал, Saint Laurent-ның тың топтамасын тамашалуға келгендер көп болды. Олардың арасында, Хейли Болдуин, Кит Харингтон мен Рами Малектің өзі бар.