Батырхан Шүкеновтың жалғыз ұлы рэперлікті қолға алғаны пас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Батырхан Шүкеновтың өмірден озғанына биыл 5 жыл! Бірақ марқұмның шығармашылығына деген құрметтің құны төмендемек емес. Мәселен, осымен үшінші мәрте Шүкенов атындағы конкурс ұйымдастырлымақ. Маңызды шара алдында музыканттың жақындары мен әріптестері бас қосты.

Алайда, жиынға Батырханның жалғыз ұлы Мақсұт Шүкенов қатыспады. Музыканттың атұстары бүгінде АҚШ-та білім алып жақан көрінеді.

Бауыржан Шүкенов, «Батырхан Шүкенов» атындағы қордың өкілі:

- Мақсұт қазір Орландоның университетінде оқиды. Былтыр түскен сол жаққа гуманитарлық факультетте сонда жүр, жаңағы білім алып жатыр. Мына Америкада енді рэп қой, жастардың бәрі рэппен айналысып болғаннан кейін рэп батлдарда соған қатысады да, соның несімен айналысып жүреді.

Сондықтан да, бақилық болған Батырханның бар мұрасына ағасы Бауыржан жауапты. Алайда, талантты музыканттың әндері менің иелігімде емес дейді.

Бауыржан Шүкенов, «Батырхан Шүкенов» атындағы қордың өкілі:

-Өлеңдердің, әндердің бәрі ол негізі композитор мен ән жазған адамдардың өздеріне жаңағы соларда. Вот права музыка они пренадлежат только их исполнителем.

Ал Батырханның әсем әндері тыңдарман арасында өміршеңдігін жоймақ емес. Сондықтан да, музыканттың өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиев Шүкеновтың хит тректерін қайта жаңғыртып жүргендерді айыптаудан аулақ.

Сәкен Майғазиев, «МузАрт» тобының әншісі:

-Мәселен кейбір әндерді әрине кез-келген дүниені өзінің интерпретациясында, өзінің орындауыда, өзінің мәнерінде орындау мүмкін бұл кавер версия барлығында болады, рұқсат етіледі музыка әлемінде. Тура Батырхан ағамыз сияқты орындау мүмкін емес және бәрібір қалай шырқасаң да Батырхан ағаның дауысы құлағыңа келіп тұрады, біздің жүрегімізде сақталып қалды.

«Батыр менің өнердегі ұстазым» деген Ренат Гайсин болса, Шүкеновтың туындыларын орындау көптің қолынан келе бермейтінін алға тартады. Композитордың айтуынша, ол үшін таланттың өзі жеткіліксіз.

Ренат Гайсин, композитор:

-Бұл әндерді орындау деген жауапкершілік керек. Бұл әндерді орындау үшін шыдамдылық керек, бұл әндерді орындау үшін тек қанан талант емес, бұл әндерді түсініп орындау керек. *01:45 Заманға сай деген әндер деген ол нағыз Батырханның әндері қазіргі заманның нағыз ән деп айтуға болады.

Ал, батырхан Шүкенов атындағы респбуликалық вокал конкурсы мамырдың 16-18- і аралығында, өнер иесінің туған жері Қызылордада өтпек.