«Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі ұлын сахнаға алып шықпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрлан Әміров, «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі:

-Менің бес балам бар, бесеуі де ұл.

Әңгімесін осылай бастаған «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі енді ортаншы ұлын сахнаға алып шықпақ. Десе де Нұрлан мырза Ілиясты қолдап, оған продюсер болудан аулақ. «Қиналған бала ғана шыңдала алады, сондықтан өз күнін өзі көрсін»,- дейді танымал әке.

Нұрлан Әміров, «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі:

- Бес баламның ішіндегі менің жолымды қуғаны осы. Кішкентайынан жұбановта оқыды. Мен оған ешқандай көмектеспеймін деп айтқанмын. Көмектеспеймін, өзің істе. Өзің шық. Потому что біреу көмектессе, любойы шығып кетеді ғой. Өзі стараться етсін.

Жастайынан фортепиано мен домбыраны меңгеріп, кейіннен классикалық әндерге махаббаты оянған Ілияс бүгінде академиялық деңгейде білімін жетілдіруде. Жұмысқа білек сыбана кіріскен Нұрланұлы опера орындаушысы ретінде бағы ашылмаса, әкесі сынды эстрада әншісі атануға дайын.

Ілияс Нұрланұлы, Нұрлан Әміровтың ұлы:

-Эстрадалық әнші академиялық әнші бола алмайды, оперный әндерді немесе шығармаларды айта алмайды. Ал опералық әнші любой уақытта эстрадалық әндерді айтып кете алады.

Ілияс сынды, шоу-бизнесте ата-анасының жолын қуғандар жетерлік. Мәселен, соның бірі – Димаш Құдайберген. Қанат пен Света Айтбаевтардың тұңғышы өнерімен бүкіл әлемді аузына қаратқан жайы бар. Ал эстрадамыздың Примадоннасы Роза Қуанышқызының қос ұлы - Әли мен Мәди де, бүгінде тыңдарман арасында өз аудиториясын тауып үлгерген.

Нағима Есқалиева болса, ұлының өнер жолына келуіне тіптен қарсы еді. Алайда, Диасқа деген халық қошеметін байқаған Нағима ханым ұлына ақ батасын берді.