Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91:
-Баян Алагөзованың жалғыз соло-жобасы Жарқынай Ханайым өз продюсерінің келіні атанбақ. Дәл қазір біз Мақсатқызының жиенімен көңіл жарастырған арудың хэн-пати кешіне келдік. Кештің дресс-коды -ақ түс. Мен де тақырыпқа сай киінгенді жөн көрдім. Ендеше кеш иесін құттықтайын.
Бірдей киінген арулар, тәтті торт пен қос ғашықтың суреттері ілінген шарлар.
Ақ келін атанғалы жатқан аруға құрбылары дәл осындай ерекше кеш ұйымдастыруды жөн көрген. Тосынсыйлардан соң, Баян Мақсатқызының болашақ келінін сөзге тарттық.
Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91:
Жарқынай Ханайым, әнші:
- Жарқынай, өміріңдегі маңызды сәтті бастан кешіріп жатсың. Көңіл-күй қалай? Құрбыларың керемет, мынадай тосынсый дайындап жатыр.
-Өте қуаныштымын, бұл кешті басынан аяғына дейін құрбыларым өздері ұйымдастырды.
-Айдармен сендер түсірілім алаңында таныстыңдар, ия? Жалпы қалай болды, барлығын айтып берші?
-оның маған назары түскенін көрдім де, мен кішкене қандай жігіт мынау деп қарап... Бір кезде ол өзінің сезімін дөп түсіп айтты. Мен айттым, сен ойлан, егер бұл қарым-қатынас басталатын болса, жақсы біту керек немесе бастаудың қажеті жоқ, өйткені сен де қарапайым жігіт емессің.
-Баян Мақсатқызымен бұл туралы сөйлестің бе? Айттың ба, сіздің ініңізбен кездесіп жатырмыз деп?
-Жоқ, оның бәрін Айдар айтты бірінші.
-Продюсеріңе сәлем саласың ба, сен оңтүстіктің қызысың ғой.
- Ата-енеммен құдай қаласа тұрамын, келінім бар. Сондай үлкен жанұяға бара жатырмын.
-Қазақта жеңгелер қайынсіңлілерін атымен атамайды. Ат тергеу деген бар. Сенің үш бірдей танымал қайын сіңлің бар.
-Мен өздеріңіздің қыздарыңызға Аққу деп ат қойдым. Баян Мақсатқызының кіші қызына Принцесса, ал үлкен қызына Айқыз деп ат қойдым.
Әншінің ет жақынына айналған, бүгінде екі қыз тәрбиелеп отырған қайынсіңлісі - Аша Матай, ағасы үшін өте қуанышты. «Баурымды 33 жасқа дейін құрбыларымның барлығымен таныстырып шықтым»,- дейді ол.
Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91:
Аша Матай, әнші:
- Аша, жеңгелі болуыңызбен құттықтаймын. Аққу деген әдемі атыңыз бар екен жеңгеңіз қойған. Жалпы қалай қабылдадыңыз ағаңыз өмірлік жары деп Жарқынайды таңдаған кезде?
-Әрине, жақсы қабылдадым. Мен қуандым, көптен күттік негізі Айдарға анау да, мынау да жақпайды. Жаңа жылды тойламас бұрын, әкемізге хабарласып айтты, осылай да осылай, бір қызды әкеліп таныстырайын деп едім деп. Анамыз кішігірім секретімізді ашып қояйын, сол кезде сырғасын тағып қойған болатын.
2020 жылды жаңа отбасымен қарсы алған Жарқынай, осылайша құпиясының жұртқа жариялауға асықпаған. Ал, Жарқынайдың құрбылары жиналған хэн патиде Айдар да төбе көрсетті.
Айдар Асқарбек, актер:
- Жарқынай сізді несімен баурап алды?
-Ең бастысы, сұлулығымен, адалдылығымен, тәрбиесімен және өнерге деген көзқарасымен и қылықтылығымен
-Көбісі сіздің анаңызға ұқсатып жатыр, сіз қалай ойлайсыз?
-мен оған бірден айтқам, сен менің анаммен ұқсастығың бар деген сияқты.
- Продюсермен Айдардың өзі сөйлесті жеке, қарым қатынасты да айтты» деп жатыр. Баян ханымға қалай жеткіздіңіз?
- өзі айтқан болатын кинода екеуіңнің араларыңда химия болу керек, көрсетіңдер жақсылап тұрып деп. Сол химия расымен де шындыққа ұласты. Негізі Баян ханымға: «Жарқынай маған ұнап жүр, біз бірге болуды шештік», - дегенде ол негізі қуанды. «Ол өте жақсы қыз, оны ренжітпе. Басыңды жұлып алам» деді маған керісінше.
- екеулеріңіз бірге ән айтып та шықтыңыздар. Дуэт болу жоспарда бар ма, Арман мен Аша сияқты?
- Ия, жоспарда бар. Бір өлеңмен тоқтамаймыз деген ойдамыз. Баян ханым да оны қолдайды. Әлі талай жұмыстармен таң қалдырамыз деп ойлаймын. Жарқынайдың продюсері Баян Мақсатқызы, менің де продюсерім Баян Мақсатқызы.
Қос жақынын қанатының астына алған Алагөзова ханым бүгінде сахнаға тағы бір отбасылық дуэтті дайындау үстінде. Ал ғашықтардың үйлену тойы наурыз айының 21 жұлдызында жоспарлануда.