Арман мен Аша кенже қыздарын халыққа көрсетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Арман мен Аша кенже қыздарын халыққа көрсетті! Күні кеше екінші мәрте ана атанған Ақбота ет жақындарының ортасында кестетігерін қырқынан шығарды. Дәстүр бойынша, өткен айдың 13-ші жұлдызында дүниеге келген Айым Арманқызының «сүт тырнағы» мен «қарын шашы» алынды. Еске салсақ, Аша Матай тұңғышының жүзін бір жасқа келгенше жасырып келген еді.

Қазақ шоу-бизнесінің «хайпқұмарлары» атағын еншілеген ALEMBAND өзгенің есімін жамылып, тағы да талқыға түсуге ниетті! Бұған дейін бейнебаяндарына Айжан Байзақова, Шырын Нарчаеваны түсірген олар, кезекті туындысын шоу-бизнестің танымал сылқымымен бірге таспаламақ. Әзірге, ұжымның таңдауы Кәмшат Жолдыбаева мен Луинаға түсіп отыр.

Қазақ кино өнерінде жаңа есім! Тәуекел Мүслімнің бағын ашқан, Меломен мен Қуандық Рахымның продюсері ретінде елге танылған Жанна Әбуова фильм таспаламақ. Бұған қатысты, бикеш: «Жыл санап, ұзақ ойланып осы шешімге келдім», - деп желіде жазба қалдырған еді.