«НТК» арнасының көрермені осы жексенбі жаңа жобаға куә болмақ! «Тың туынды тамсандырмай қоймасы анық», - дейді, ерек шоудың жетекшілері.
Марат Оралғазин, тележүргізуші:
– Ұ-night шоу бұл Қазақстанда алғаш рет жаңа форматтағы шоу! Енді барлығына танымал стен-дап жанры да бар. Скетчтер де бар, ән де бар. Әзіл де бар, би де бар. Барлығы бар. Барлық әзілдің формаларының миксы былайша айтқанда. Иә, және де екі керемет айдар бар. Менің ойымша ол әлемде болмаған форматтағы дүниелер. Сондықтан «НТК» арнасының көрермендері жаңа формаларға, жаңа бір әзілдің түрлеріне куә болады деген сенімдеміз!
Иә, бағдарлама әжуалы әзіл мен астарлы ойынға құрылған. «Жазылмаған заңдар мен кім бекіткені белгісіз шектеулерден асып түскіміз келеді», - дейді жоба режиссері.
Айгүл Ақсембиева, режиссер:
– Әр жобаның өз қиындықтары болады ғой. Негізі адамды жылатқаннан, күлдірген әлдеқайда қиынырақ. Оның үстіне әзілде, сатирада бәрі ашылып, жазылып қойған деп жатады. Біз сол шектеуден асқымыз келеді.
«Цензура жоқ! «Өзіңнің біліктілігің арқылы да әдемі жоба жасап шығуға болады. Бас про мен сәлем сошл арзан дүниеден аулақ». Бұл Ұнайды шоудың продюсері - Марат Оралғазиннің сөздері.
Марат Оралғазин, тележүргізуші:
– Жалпы біз «бас продакшн ұжымы» Еркебұлан, мен, Рүстем Омаров жасап жатқан дүниелердің барлығында цензура жоқ! Ең басты цензура – ол өзіміздің ұят десек те болады. Өзіміздің ойымызда жатқан бір шектеулер бар. Әрине одан аспауға тырысамыз. Себебі біздің бағдарламаларды аналарымыз, апаларымыз көреді.
Танымал тележүргізуші хайптан жырақтап та, татымды жобаны жұртқа жеткізуге болады деген ойда.
Марат Оралғазин, тележүргізуші:
-Балалар көреді. Енді қазір цензура жоқ дүниелер сұранысқа ие ғой. Дегенмен біздің ойымызша, боқтамай-ақ, бораламай-ақ, хайпты қуаламай-ақ жақсы дүниелер жасауға болады.
Көптен күттірген Ұнайды шоуы 23 ақпан, сағат 23:00-де көрермен назарына ұсынылмақ!