Билли Айлиштың биылғы жылы жеткен жетістігі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Инстаграмдағы комментарийлерді мүлде оқымаймын! BBC арнасына сұхбат берген Билли Айлиш дәл осындай мәлімдеме жасады. Өнерпаз ару маңызды интервьюге ағасы әрі продюсер Финнеасты ерте келген.

Билли Айлиш, әнші:

- Екі күннен бері желідегі мен туралы жазылған жазбаларды оқуды қойдым. Себебі, хейтерлер осы күнге дейін өмірімді құртып келді. Қызық, керемет дүние жасаған сайын, көпшілік сені жек көре түседі екен.

Айлиштың өзгелер үшін өзін жайсыз сезінуі бірінші рет емес. Мәселен, «Оскар» марапатында өнер көрсеткен ол, кинокеште өзін жайсыз сезінгенін айтқан еді.

Билли Айлиш, әнші:

- Оскарда аздап шок алдым. Қатты қобалжыдым. Мәселен Грэммиде тек музыканттар, олар сені жақсы түсінеді. Ал, Оскарда бұрын-соңды кездеспеген, танымал адамдар болды. Мен қатты қысылдым.

Күллі әлемді ауызына қаратқан «Оскар» марапатында ән шырқау он сегіздегі өнерпаз үшін үлкен жетістік! Десе де, сылқымның бағындырған белесі бұл ғана емес. Мәселен, Билли жыл басталмастан 5 бірдей «Грэмми» марапатын еншілеген еді. Одан бөлек, өнерпаздың қоржынында «MTV Music Awards», «American Music Award», «Brit Award» табыстаған жүлделер жетерлік.

Ал сылқымның әрбір жетістігінің артында ағасы Финнеас тұрғанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Биллидың ет жақыны, оның хит тректерінің авторы, продюсері әрі өнердегі және өмірдегі қолдаушысы.

Финнеас О’Коннелл, музыкант:

- Әлемдік хиттер қарапайым кездейсоқ жазылатынын көбі біле бермейді. Мәселен, бір әнді тур автобусында жазсам, енді бірін отельде отырып дүниеге әкелем. Мен бұл құбылысқа жеңіл қарауды жөн көрем.

Ағынан ақтарыла сұхбат берген бауырлар алда талай жоспарлары барын жеткізді. Соған қарағанда, тағы бір хит тректің кезегі келген сығайлы.