2015 жылы «Ninety One» тобы негізін қалаған q-pop әуел баста отандық шоу-бизнеске жаңа леп әкеле білгендей! Нәтижесінде, осы аралықта бұл бағытта ән салатын басы-қасы 20-дан астам топ пен жеке орындаушы пайда болды.
Алайда, кей q-pop ұжым құрылмастан тарап үлгерді. Мәселен, «Black dial», «Newtone», «Jizim» соның бір дәлелі. Одан басқа, «Өзге», «Ice blue» сынды гелзбендтер тек бір бейнебаян таспалап, аты бар, заты жоқ топқа айналды.
Әуел баста, Ерболат Беделхан q-pop-тың басты талабы – тек қазақ тілінде ән шырқау деп, түсіндірген-ді. Алайда, қазіргі таңда бұл бағыттың өкілдері өзге тілде ән шырқап жүр.
Тіпті «q-pop ханшайымы» атағына ие болған Ziruza да шет тілде ән салуды жоспарлап жүргені жасырын емес.
Ziruza, әнші:
- Иә ондай жоспарда бар, орысша да, ағылшынша да, татарша да, қырғызша да ән айту. /күледі/ Сол енді, барлық тілде ән айтып шығамыз бұйыртса.
Одан бөлек, Ziruza-ның соңғы кездері лирикалық ән жазуы жиілеп кеткен. C.C.Tay да дәл осындай тректерімен таңалдырған жайы бар. Бұл қылығын Әйгерім былай деп түсіндіреді.
C.C.Tay, әнші:
- Қарай үздіксіз еңбектің арқасында осындай үлкен дәрежеге жетіп жатырмыз. Ал өзгеру ол әрқашан да болады ғой. Өзгеріп тұру керек, бір орында қалсақ ол енді деградацияға ұшырау десем де болады.
Ал q-pop-тың әкесі атанған Ерболат Беделхан аталмыш бағыт бұрынғыдай танымал емес дегенмен келіскісі келмейді. Қазақ-поптың қауымдастығын құрған продюсер «DNE» тобының шығармашылығына шындап кіріспек.
«DNA» тобы:
Дайындық созылған жоқ, біз дайындық үстіндеміз. Өзіміздің әзірге көптеген жоспарларымыз бар. Солардың бәрін бұйыртса көресіздер, бәрін бақылап жүріңіздер. Әзірге айта алмаймын осы уақыт деп.
Ал «EQ»-ліктер q-pop-тың аздап артта қалғанын мойындайды. Алайда жігіттер мұны тек дауыл алдындағы тыныштық деп қабылдауды сұрайды.
«EQ» тобы:
Негізгі қазіргі кью-поп ол біршама андай бір үзіліс уақытында сияқты. Бір толқын керек сияқты. Ол толқындарды жасау әрине біздердің қолымызда шығар.